Балқаш қаласында қос қабатты үй өртеніп, бірнеше отбасы баспанасыз қалды. Тілсіз жау жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат үш шамасында тұтаныпты.
Абырой болғанда, өртті байқап қалғандар көршілерін оятып, бәрі далаға қашып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Ал ырық бермей кеткен жалынмен өрт сөндірушілер екі сағат арпалысқан. Алайда, қызыл жалын салдарынан баспананың 700 шаршы метрі күлге айналды. Қазір олар қаладағы мектеп интернаты ғимаратына орналастырылды. Қала билігі оларды мемлекет меншігінде тұрған үйлерге жалдамалы жүйе бойынша қоныстандырамыз деп отыр. Жергілікті билік барлық тұрғынға бірінші медициналық, психологиялық көмек көрсетілгенін мәлімдесе, шаһардың кәсіпкерлері мен волонтерлері тиісті қор құрып, қолдау көрсетуді бастап кеткен. Өрт оқиғасы алдын ала болжам бойынша ток көздерінің тұйықталуынан тұтанған.
Жасұлан ӘЛІШЕРОВ тұрғын
-Түнгі сағат 2,30 шамасы. Көршілер оятты. Құжаттар бәрі қалды. Бізде бірдемені ойлап, заттарды сақтап қалуға мүмкіндік болмады.
Илья ВЕРНИК Балқаш қаласының ТЖ басқармасының инженері
Өрт шамамен таңғы сағат 6-дан аса сөндірілді. Тұрғынндарға уақытша тұруға орын берілді. Барлық құрылым атсалысты. Өрттің нақты неден шыққаны анықталу үстінде. Тергеп тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілетін болады.