Вторник, 30 декабря, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиЖаңа жыл жүгірісте: қарағандылықтардың ерекше дәстүрі

Жаңа жыл жүгірісте: қарағандылықтардың ерекше дәстүрі

Қарағанды қаласындағы «Скиф» тау-серуен клубының мүшелері Жаңа жылды барынша креативті қарсы алуға тырысады. Ерекшелігі сол — олар шаттыққа толы мейрамды жанұясының ортасында емес, ашық алаңда қарсы алады. Талай жылдан астам уақыт бойы позитивке шақыратын қағиданы ұстанған азаматтар бұл бастаманы қалыпты үрдіске айналдырған.

Мұндай игілікті идеяны Төлеген Әшімов батыр Бауыржан Момышұлының жүз жылдық мерейтойынан бастап қолға алыпты. Спортты сенімді серігі санап, өзін сергек сезінетін ол 42 шақырымға дейін жүгірген. Ал 67 жастағы азамат осы уақыт аралығында емханаға барып, ешбір дәрігердің көмегіне жүгінбеген.

Төлеген Әшімов

«Мұны 1979 жылдан бері бастағанбыз. Жыл сайын Жаңа жылда осындай жерлерде немесе саябақта жүгіреміз. Салауатты өмір салтын ұстанамыз. Биыл, Алла тағала жазса, тудың түбінен мына алаңға дейін жүгіреміз. Күнде таңертең жүгіреміз. Демалыс күндері де осы жерге келіп, жаттығу жасаймыз. Біз клуб мүшелерімен тауға шығып серуендейміз. Сосын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғындармен бірлесіп, түрлі шаралар өткіземіз», — дейді Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов.

закаливание на морозе

Алпыс жасты алқымдаған Мейрам Ысқақов та жүгіргенде алдына жан салмайды. Оның осындай үлгілі үрдісті қалыптастырғанына төрт жылдан асыпты. Ел ағасы Жаңа жылда жүгіру адамды жақсы ойларға жетелейді дегенге шүбәсіз сенеді. Дегенмен, аязда шынығу бойына қуат, көңіліне шуақ беретінін айтады кейіпкеріміз.

Мейрам Ысқақов

«Біздің арамызда 10 жастағы баладан 75 жасқа дейінгі ақсақалға дейін бар. Басты мақсатымыз — салауатты өмір салтын дәріптеп, жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді арттыру. Бір жағынан денеміз де шынығады», — дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Мейрам Ысқақов.

марафонцы

Сәкен Келдібаев — атақты ультрамарафоншы. Жетпіс жасқа желіп жеткен ақсақал «Қарағанды — Жезқазған — Қызылорда — Түркістан» бағыты бойынша 1300 шақырымды жаяу бағындырған.

Сәкен Келдібаев

«Әлі де спорттан қол үзген жоқпыз. Күнделікті жүгіріп, жаяу жүреміз. Бұл — денсаулығымыз үшін өте маңызды. Барлық қарағандылықтарды осылай спортпен айналысуға шақырамыз», — дейді Қарағанды қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі Сәкен Келдібаев.

Ашық аспан астындағы алаңда тұрақты түрде жаттығу жасап, спортпен шұғылдану қарағандылықтардың өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған. Жас та, жасамыс та ширақ қимылдап, сергек жүреді. Әр жексенбі сайын әуесқой спортшылар «Сораң» тауына шығады.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное