Понедельник, 2 февраля, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюдиТаблетканың орнына суық: Қарағанды облысындағы 80 жастағы тұрғынның сергектік сыры

Таблетканың орнына суық: Қарағанды облысындағы 80 жастағы тұрғынның сергектік сыры

Қарағанды облысында суық маусымда судан саулық іздейтін зейнеткер тұрады. Оралбай Кеңесбаев күн тәртібін мұздай суға түсуден бастайды. Ол спорттың бірнеше түрімен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанады.

80 жастағы Оралбай Кеңесбаев таңертең әрі кешке суға түседі. Алдымен денесін суыққа дайындап, кейін сүңгиді. Оның айтуынша, суда бір минуттан артық тұруға болмайды — ағзаны тыңдап, мөлшерді сақтай білу керек.

80 летний Оралбай Кенесбаев

«Суға түсу мен үшін күнделікті дағдыға айналған. Өзен суына шомылып, бір сергіп алсам, бойым жеңілдеп, өзімді тың әрі сергек сезінемін. Мұндай шынығу денсаулығыма оң әсер етіп, күш-қуатымды арттырады. Ал егер бір күн осы өзенге барып, суға түспей қалсам, денем ауырлап, әсіресе аяқ-қолым сырқырап, мазам қашады. Сондықтан суға шомылу мен үшін тек демалыс қана емес, денсаулығымды сақтаудың маңызды бір бөлігі», — дейді зейнеткер.

образ жизни аксакал

Бұл қария осындай өмір салтын 60 жыл бойы ұстанып келеді. 25–30 градус аяз ақсақалға кедергі емес. Қыста қардың үстінде жалаң аяқ жүреді. Нәтижесінде бұлшық ет пен буын ауруын сезінбейді.

«Моншадан шыққан соң бірден қарға аунап, денемді ысқылап аламын. Қыстың қақаған аязында қардың үстімен жалаң аяқ жүру — ағзаны шынықтырып, денсаулықты нығайтудың бір жолы. Біздің ауылдың қысы өте суық болғанымен, мен ешқашан қалың киініп жүрмеймін. Керісінше, жеңіл киініп, ауладағы барлық шаруаны өз күшіммен атқарамын. Осындай өмір салты менің бойымды сергек ұстап, денсаулығымды нығайта түседі», — дейді Оралбай Кеңесбаев.

образ жизни аксакал

Таңғы жаттығудан соң ол қойды өзі өріске өргізеді. Малды тек жаяу бағады. Күніне 30 шақырымға дейін жол жүреді.

«Малды бала кезімнен бері жаяу бағып келемін. Сол себепті көлікпен мал бағатындарды онша түсіне бермеймін. Малға байыппен қарап, асықпай, баппен баққан дұрыс деп есептеймін. Жаяу жүргенде малдың жай-күйін жақсы аңғарып, оның қозғалысын да бақылауға болады. Оның үстіне, мұндай еңбек адам денсаулығына пайдалы, төзімділік пен шыдамдылықты арттырады», — дейді зейнеткер.

Для пенсионера пешая ходьб

Зейнеткер үшін жаяу жүру — сергектіктің кепілі. Оның айтуынша, бұл адамның физикалық та, психологиялық та жағдайына оң әсер етеді. Ақсақал тіпті тұмаумен де сырқаттанып көрмеген.

«Мен күнделікті тұрмыста мүлде көлік пайдаланбаймын. Ауыл ішіндегі алыс үйлерге де жаяу барып-келемін. Тек алыс сапарға шыққанда ғана көлікке отырамын. Мұндай әдет мені үнемі қимыл-қозғалыста ұстап, денсаулығымды нығайтуға септігін тигізеді», — дейді Оралбай Кеңесбаев.

Герой нашего материала

Кейіпкеріміз тән саулығын сақтап, уақытпен күресудің ең тиімді жолы спорт екенін ерте түсінген. Бозбала шағында бозкілемде қарсыласының арқасын жер иіскеткен палуан болған. Әскерде жүргенде Кеңес Одағының спорт шебері атанған. Содан бері спорттан қол үзген емес. Ол Нүркен Әбдіров атындағы ауылда бірнеше жыл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққан соң ардагер волейболшылар командасын құрған. Турнирлерге қатысып, әлі күнге дейін дода ортасында жүр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное