Среда, 19 февраля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиНұркен — волейболшылар ауылы: тоқтатуға болмайтын спорттық дәстүр

Нұркен — волейболшылар ауылы: тоқтатуға болмайтын спорттық дәстүр

Қарағанды облысында волейболшылар ауылы бар. Әр отбасында бір адам осы спорт түріне әуес. Қарқаралы ауданы бойынша Нұркен ауылы волейбол спортының ұстаханасы атанып кеткен.

Ауылдың аға буын өкілдері күнде кешкілік осы спорт залға жиналады. Ойынға кіріспес бұрын денені қыздырып, бойды сергітіп алады. Сергек те ширақ жандар үнемі формада жүреді. Сан-саланың өкілдерін біріктірген бір ғана себеп. Ол спорт.

Волейбол

Нұрлан Байтулин аудандық мәслихат депутаты. Өзі Қарқаралы қаласында тұрса да, волейбол үшін ауылға арнайы келеді.

Нурлан Байтулин

«Волейбол депресиядан сақтайды. Жұмыста болып жатқан проблемалар бастан шығып кетеді. Ми демалады. Көше аралық лига дегенді ұйымдастырдық. Қарқаралы қаласынан арнайы келемін. Лига ойыны тұрған кезде қонаққа бармаймыз», — дейді аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Байтулин.

В волейбольном зале

Залда темірдей тәртіп орнаған. Жаттығу тәсілдері де бөлек. Әрқайсысының өз міндеті бар. Әр спортшы белгілі бір бағытқа жауапты. Мәселен ауыл имамы допты күтіп алып, шабуыл жасауға бес аспап. Сондықтан алаңда белсенді.

Кайыржан Тезекбаев

«Жеңген палуан емес дейді қарсыласты. Нәпсісін ұстай білген палуан деп пайғамбарымыз айтақан екен. Бізде өзіміз спортқа қатысып, жетістікке жету үшін емес, балаларымызға, елімізге, жерімізге Отан қорғау үшін де бізге осындай спортпен шұғылданып, тәннің саулығы үшін қатысып тұрамыз», — дейді ауыл имамы Қайыржан Тезекбаев.

«Нұркен» волейбол командасы 1978 жылы құрылған. Содан бері Әбдіровтің ерлікпен қаза тапқан күнінде — жыл сайын турнир өтеді.

Кузница волейболистов

Биыл 44 мәрте ұйымдастырылмақ. Облыстың ауыл аймақтарынан жиналған волейболшылар бәсекеге түседі. Әзірге бәйгінің алдын осы ауылдың командасы бермей келеді.

«Негізі Нұркен ауылының әр көшесіне сеткалар құрулы тұратын. Әкелеріміз, ағаларымыз волейбол ойнап жататын. Тайша кілем ұтып жатады. Мынау кейіннен ғой ақша. Оған дейін бір кубоктың өзі керемет болатын. Күміс сияқты кубок, грамота береді. Бір олжалы келе жатқандай қуанатын едік», — дейді спорттық нұсқаушы Жанат Қошықов.

ветеран спорта Оралбай Кенесбаев

Оралбай Кеңесбаев ауылдағы барлық волейболшылардың ұстазы. Ойын алаңында жүрген ардагер споршылар осы бапкерден тәлім алған. 80 жасқа аяқ басқан қария әлі дода ортасынан табылып жүр.

«Ол кезде мұндай спорт зал жоқ. Волейболды қыстың күні далада қардың үстінде ойнай беретінбіз. Мынандай мәлшік те болмады. Шнуравайтетеін доппен ойнадық үйрендік қой. Волейбол ойынының ерекшелігі күллі адамның денесі қозғалыста болады. Бақайыңнан бастап басыға дейін, аяқ қол бос болмаса, саусақ. Мұның барлығы қан айналымына адамның денсаулығына әсер етеді. Жүгіріп жүресің. Барлығы қозғалысқа түседі ғой», — дейді ардагер спортшы Оралбай Кеңесбаев.

Волейбол в Нуркене

Оралбай Кеңесбаев та әу бастан саламатты өмір салтын ұстанады. Бозкілемде қарсыласының арқасын жер иіскеткен палуан. Әскерде жүрген кезінде Кеңес Одағының спорт шебері атағына ие болған. Содан бері спорттан қол үзбеген. Бүгінде волейбол, теннис, билярд ойнайды.

«Басында әйелім жасың болса келіп қалды, 60 жасқа дейін ойнадың қой деп айтатын. Оған отыра амаймын. Мына жақта шулап жатқанда ана жақта жүгіріп кетемін. Сосын олар қойды. Мен сияқтылар бар. Айтады әлі ойнап жүрсің ба қойсаңшы деп. Енді спортсыз маған қиын. Үнемі қозғалыста жүргім келеді», — дейді ардагер спортшы Оралбай Кеңесбаев.

Закалка

Ақсақал таңертен әрі кешке суық суға түседі. Алдымен денесін сумен ысқылап, бой үйретеді. Кейін сүңгиді. Бірақ 1 минуттан артық суда тұруға болмай тынын айтады.

Қария ауық-ауық қыста қардың үстінде жалаң аяқ жүреді. Бұл 30 жылдан бергі қалыптасқан дағды. Нәтижесі сол бұлшық ет пен буын ауруы мазалап көрмепті. Тұмау дегенді атымен ұмытқан. Ауыл үлкендері осылайша жастарға жігер беріп жүр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное