Среда, 18 марта, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюди«Көшпенділер математикасы» — отбасылық мұра: Бейсенбаевтар әулетінің тарихы

«Көшпенділер математикасы» — отбасылық мұра: Бейсенбаевтар әулетінің тарихы

Қарағанды облысында тұтас ғұмырын тоғызқұмалақ спортын дамытуға арнаған әулет тұрады. Бүркіт Бейсенбаевтың балалары мен немерелері ұлттық ойынның өркендеуіне үлес қосып келеді. Тіпті 65 жастағы зейнеткер үйірме ашып, талай жас чемпиондарды тәрбиелеген. Тоғызқұмалақ ойнай білу бұл әулет үшін міндет. Бүркіт Бейсенбаев ұрпағын ұлттық спортқа баулып келеді. Отбасындағы әр бала тоғызқұмалақ тақтасы мен тасын 4 жастан бастап қолына алады.

Светлана Бейсенбаева

«Үйде күйеуім бастап, балалары мен немерелері түгел тоғызқұмалақ ойнаған соң, мен де қалыспай, осы өнерді үйреніп алдым. Қызығы мен тартысы көп ойын болғандықтан, кейде өзара сайысып, дауласып, тіпті шағын реніштерге де барып қаламыз. Ал біздің үйде не көп — тоғызқұмалақтың тақталары мен тастары көп. Әр бұрышта бір-бір тақта тұрғандықтан, кімнің қай жерде ойнап отырғанын да шатастырып қалатын кездер болады. Бірақ соның бәрі — шаңырағымыздағы көңілді сәттердің, бірлік пен берекенің белгісі», — дейді Бүркіт Бейсенбаевтың жұбайы Светлана Бейсенбаева.

В семье даже существует собственный рейтинг лидеров

Бұл үйде күн сайын ой додасының қызығы арылмайды. Отбасында өзара қалыптасқан көшбасшылар мен аутсайдерлер рейтингі де бар. Көшбасын Айгүл Бүркітқызы бастап тұр. Ол облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы.

Айгуль Бейсенбаева

«Мен тоғызқұмалақтан талай облыстық және республикалық біріншіліктерге қатысып, әр жарыста бас жүлдені бермей келемін. Осы өнердің арқасында көптеген өңірлерді аралап, сан түрлі адамдармен таныстым, тәжірибе жинадым. Қазір мен әлеуметтік салада қызмет етемін. Ұйымдар арасында тоғызқұмалақтан жиі жарыстар өтіп тұрады, сол додаларда да өз шеберлігімді көрсетіп, үнемі жеңімпаз атанып жүрмін», — дейді Бүркіт Бейсенбаевтың қызы Айгүл Бейсенбаева.

Үлкен ұлы Думан Бейсенбаев ең алдымен тоғызқұмалақ ойынын меңгеріп, өмір салтын әу бастан салауатты бағытта қалыптастырған. Қазір ол қашықтыққа жүгіру мен шаңғы спортынан халықаралық марафондардың жеңімпазы.

Думан Бейсенбаев

«Біздің жас күнімізде қазіргідей сан түрлі мүмкіндік болған жоқ. Соған қарамастан, менің спортқа деген қызығушылығым дәл осы ұлттық ойын — тоғызқұмалақтан басталды. Бұл мен үшін жай ойын емес, атадан балаға жалғасқан асыл дәстүр, ойды тереңдететін, төзімділік пен табандылықты үйрететін мектеп іспетті болды.Енді осы мұраны мен де өз ұрпағыма аманат еткім келеді. Болашақта балаларым мен немерелерім түгелдей тоғызқұмалақ ойнап, оның мәнін түсініп, ұлттық ойынның құдіретін сезініп өседі деп сенемін», — дейді Бүркіт Бейсенбаевтың ұлы Думан Бейсенбаев.

кружок по тоғызқұмалақ

Бүркіт Бейсенбаев Қарқаралы қаласындағы оқушылар үшін тоғызқұмалақ үйірмесін ашқан. 30-ға жуық бала аптасына үш мәрте жиналып, ақыл-ой шеберліктерін шыңдайды.

Бүркит Бейсенбаев

«Бұрын, заманның қиын кезеңінде, тоғызқұмалақ тақтасы қолымызда бола бермейтін. Бірақ соған қарап ойынға деген ынтамыз ешқашан бәсеңдеген емес. Жерге таяқпен тақта сызып алып, кішкентай кәмпиттерді тас қылып ойнағанымыз әлі есімде. Түннің бір уағына дейін шабыттанып дайындалатынбыз. Кейде ойын үстінде қарнымыз ашып кетсе, сол тастардың орнына жүрген кәмпиттерді жеп қойып, ойыннан бір тасымыз кеміп қалатын кездеріміз де болатын», — дейді жаттықтырушы Бүркіт Бейсенбаев.

Қырық жыл бойы ол ұлттық ойынның философиясын, сабырын, тектілігін бала жүрегіне дарытып келеді. Оның шәкірттері облыстық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие. Ең үлкен мақтанышы — 11 республика чемпионын тәрбиелеп шығаруы.

Султан Панченко

«Мен бұрын көбейту кестесін дұрыс меңгермеген едім. Бірақ тоғызқұмалақ ойнай бастағаннан кейін бәрі өзгерді. Ойынның өз табиғаты есепке, логикаға, жылдам ойлауға негізделгендіктен, бірте-бірте көбейту кестесін де жаттап алдым. Зияткерлік ойын болған соң, маған ерекше қызық болып, әр жүрісіммен бірге ойлау қабілетім де жетіле түсті. Қазір есепке жүйріктігіме өзім де таң қаламын», — дейді оқушы Сұлтан Панченко.

Тоғызқұмалақ ойынының 4000 жылдай тарихы бар. Оны «қойшылар арифметикасы», «көшпенділер математикасы» деп бекер атамаған. Қарқаралы өңірінде осы көне мұраны түлетіп, жаңа деңгейге шығарған жан — Бүркіт Бейсенбаев. Ол 1989 жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное