Воскресенье, 8 марта, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюдиМұз, аяз және рух күші: Қарқаралы ауданында қысқы суға түсу танымал бола...

Мұз, аяз және рух күші: Қарқаралы ауданында қысқы суға түсу танымал бола бастады

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында судан саулық іздеген азаматтар қатары артқан. Тұрғындар тіпті арнайы топ құрып, бірлесіп жаттығады екен. Олар күніне екі мезгіл суық суға түседі. Бұл — стрестен арылтып, ерік-жігерді шыңдайтын ерекше тәжірибе деп біледі.

Қарқаралыда қыстың көзі қырауда мұздай суға шомылатын азаматтар қатары артқан. Тіпті спорттың бір түріне айналған. Алдымен олар дайындалып, денені шынықтырып алады. Суға түсер алдында қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс. Шомылуға арналған белгілі тереңдікті таңдаған жөн. Жарақат тудыруы мүмкін бөгде заттар мен үлкен тастар болмауы керек.

зимнее моржевание

«Мұздай су сергектік пен тың күш-қуат сыйлайды. Қан айналымы жақсарып, ағза тезірек оянып, сергек күйге енеді. Біртіндеп иммунитет нығайып, төзімділік артып, суық тиюге қарсы тұру қабілеті күшейеді. Шынығу температураның күрт өзгерістері мен күйзелісті жеңіл еңсеруге көмектеседі. Нәтижесінде — күні бойы сергектік, ойдың айқындығы және көтеріңкі көңіл күй», — дейді Қарқаралы қаласының тұрғыны Елнұр Балғатұлы.

 

житель г. Каркаралы

Ал Ақмаль Нұрлыбайұлы суық суда бір минуттан артық тұруға болмайды, дейді. Дене қызуы күрт төмендеп, жүрекке зиян келуі мүмкін екен.

житель г. Каркаралы

«Сыртта 40 градус аяз болғаны тіпті жақсы, сезімі сөзбен айтып жеткізгісіз. Тіпті суықтың өзі сезілмейді. Көпшілік бізді “есі дұрыс емес” деп, денсаулыққа қауіпті дейді. Бірақ маған ұнайды: суға түскеннен кейін ерекше жеңілдік сезінемін. Алғашында қорқынышты, кейін үйреніп кетесің, тіпті қызығушылық пен құлшыныс пайда болады», — дейді Қарқаралы қаласының тұрғыны Ақмаль Нұрлыбайұлы.

Михаил Корнукий

Михаил Корнукий ұл-қызымен бірге суық суға түседі. Бұл 5 жыл бойы күнделікті дағдысына айналған. Жемісі сол — иммунитеті артып, тұмау мен суық тиюдің не екенін ұмытқан. 30 градус аязда суға түссе, тіпті пайдалы дейді.

«Мен судан саулық іздеймін. Бір күні балам мектептен вирус жұқтырып әкеліп, сырқаттанып қалды. Ыстығы 39 градусқа дейін көтерілді. Біртіндеп сумен денесін сүртіп, бір-екі сағаттан соң суық суға сүңгіп еді. Құлан таза айығып кетті», — дейді Қарқаралы қаласының тұрғыны Михаил Корнукий.

Суық су адам ағзасын шынықтырып, инфекциялық аурулардан сақтайды. Метаболизмді жылдамдатады. Бұлшықеттердің қалпына келуін тездетеді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное