Понедельник, 23 марта, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюдиОн баланың анасы әрі шабандоз: Елена Клекованың тарихы

Он баланың анасы әрі шабандоз: Елена Клекованың тарихы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 10 құрсақ көтерген орыс этносының өкілі тұрады. Елена Клекованы ауылдастары ат құлағында ойнайтын шабандоз ретінде біледі. Дегенмен батыр ана бала тәрбиесін өмірінің басты құндылығы деп санайды. Бүгінде үлкен әулеттің ұйытқысы болып отыр.

Елена Клекова балаларын 5 жастан бастап атқа отырғызады. Ұлдарының тақымы тастай, білегі болаттай болу үшін осылай шынықтырады. Қыстың қызығы — жабағы үйрету. Қазір балаларына асауға тұсау салу жолдарын көрсетуде. Физикалық тұрғыда сақадай сай болу керек, — дейді ол. Ең бастысы — аяқ бұлшықеті маңызды рөл атқарады.

жительница Каркаралинского района Елена Клекова

«Атқа міну мен үшін — нағыз терапия. Мен адреналин алып, еркіндікті сезінемін. Қазір мен декреттік демалыстамын, күнделікті тірліктерден шаршаған кезде жай ғана атыма мініп, далаға шығып кетемін — бұл маған сергіп, күш жинауға көмектеседі», — дейді көпбалалы ана Елена Клекова.

Ол жылқыға бала күнінен жақын. Ауылында арғымақпен алысқан ару атанған. Қазір күйбең тірліктен шаршағанда сәйгүлігін тақымдап, сайын даланы бетке алады. Қажеттілік туындаған жағдайда жолдасына сиыр мен қой бағуға көмектеседі.

Любовь к лошадям у Елены

«Бірде мен жаңа түскен келін кезімде, күйеуім бір атты ерттеп қойған еді. Мен білдіртпей соған мініп, шаба жөнелдім. Бәрі мені іздей бастады, қатты таңғалды. Өйткені ол әдетте ерттеп мінуге оңайлықпен көнбейтін жылқы еді. Ал мен болса: «Еш қиындығы жоқ, мен үйренгенмін», — деп жауап бердім», — дейді көпбалалы ана.

Елена Клекова орыс этносының өкілі. Қасым Аманжолов атындағы ауылда өскен. Орыс мектебінде оқығанымен, Қарқаралы техникалық колледжінде қазақ бөлімінде білім алған.

Елена Клекова в детстве

«Мені орыс ұлтының өкілісің деп жиі сұхбатқа шақырады. Бірақ мен әрдайым: «Мен — қазаққа адалмын», — деп айтамын. Кейде қазақша тым көп сөйлейтінім соншалық, орыс тілін ұмытып кететін кездерім де болады. Тіпті кейде туыстарыммен тіл табысу да оңай болмай қалады», — дейді Елена Клекова.

Ол қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан. Әулеттің сыйлы келіні. Салт-дәстүрді берік сақтайды. Қазақтың байырғы ұлттық тағамдарын қайта жаңғыртып жүр. Қазір «қарын бүрме» әзірлеуде. Оған картоп, сәбіз, пияз бен жылқы етін кесектеп турап, қарынға салады.

Елена — бір үйдің жалғыз қызы, сондықтан көпбалалы ана болуды армандаған екен. 10 құрсақ көтерген. Былтыр екі егіз қызды дүниеге әкелді.

Елена

«Егіздерім дүниеге келгенде, алғашында оларды ажырата алмадым. Бір қыздың белгісін қойдық, кейін олар сәл өскенде біреуінің ірілеу екенін байқап, солай ажырата бастадым. Мен келін болып түскенде енем маған шашу шашқан еді. Мен мұны жақсы ырым деп түсіндім, расында да үлкен отбасы болуын армандағанмын», — дейді көпбалалы ана.

Ол балаларын ұлттық салт-дәстүрге сәйкес тәрбиелеуде. Ұл-қыздары өнерге жақын. Қамшы өріп, ат әбзелдерін жасай алады. Отбасында қазақтың ырымдарын берік ұстанады.

Елена воспитывает своих детей

«Біздің отбасымыз дәстүрлер мен ырымдарға құрметпен қарайды. Мысалы, қазақтың ырымдары бойынша, жіліктеліп желінген сүйекті жаман энергиядан сақтасын деп есіктің үстіне іліп қоямыз. Біз балаларымыздың нақты санын айтпаймыз және әрдайым қонаққа қуаныштымыз. Мен үш жыл қатарынан ораза ұстадым, мені көріп жүрген ұлым да кейін ораза ұстай бастады», — дейді Елена Клекова.

Бұл шаңырақта қонақ арылмайды. Дастарханнан қазақтың бауырсағы, шелпегі мен құрт-ірімшігін көресіз. Сыйлы меймандарға ет асып, құрмет көрсетеді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное