Понедельник, 20 июля, 2026
ДомойПолезноеЛюдиНағыз қымыздың құпиясы: Қарағанды облысындағы орыс шаруасы қазақ дәстүрін қалай жалғастырып жүр

Нағыз қымыздың құпиясы: Қарағанды облысындағы орыс шаруасы қазақ дәстүрін қалай жалғастырып жүр

Қарағанды облысының Нұра ауданында орыс этносының өкілі қымыз баптайды. Алексей Ефремов бие байлап, күніне 40–50 литр өндіретін бұл ұлттық сусынды жерлестеріне ұсынып жүр. Бұл жерде тұрған биенің бәрі асау. Бірақ аттың құлағында ойнайтын Алексей ырқына көндіріп алыпты.

Сауын уақыты жақындағанда мұнда темірдей тәртіп орнайды. Қымыз өндіру кәсібін Ахмет ауылында алғаш бастаған Алексей Ефремов бастапқыда биені қолымен сауыпты. Ал бүгінде шаруашылық толық автоматтандырылған.

Нағыз қымыздың құпиясы: Қарағанды облысындағы орыс шаруасы қазақ дәстүрін қалай жалғастырып жүр

«Бала кезімнен қазақтардың арасында өстім. Бізде бір-бірімізге көмектесу салты бар еді: егер бие сауу науқаны басталса, бәріміз бір жерге жиналатынбыз. Жұрт жиналып, жылқы қайыруға көмектесетін, құлын телітетін. Ол кезде өзімнің де қашандыр бір кездері осы іспен айналысатынымды ойламаппын. Ал қазір өз шаруашылығым бар», — дейді Ахмет ауылының тұрғыны Алексей Ефремов.

Ол қымыз баптауда қазақ дәстүріне жүгінеді. Күбіні тек қайыңның түтінімен ыстайды. Ал ысталған қазы қосу – бұл басты қағида, — дейді өзі.

русский фермер из Карагандинской области

«Әдетте мен таңғы төртте тұрамын. Алдымен жылқыларды өріске шығарып, содан кейін үйірді тексеремін. Сағат беске таман бие саууға келіп, адамдарға істейтін жұмыстарын бөліп беремін. Бұл жерде бәрін өз уақытында әрі дұрыс істеу маңызды. Тек сонда ғана қымыздың бабы болады», — дейді Алексей Ефремов.

Майра АУБАКИРОВА

Майра ӘУБӘКІРОВА, кәсіпкер:

«Қымыз сатып жүргенімізге 5 жылға жуық уақыт болды. Оны тек өзімізде ғана емес, басқа ауылдарда да жақсы сатып алады. Өзіміз де күнделікті жаңа сауылған бал қымыз ішіп тұрамыз. Үнемі салқын жерде сақтаймыз. Қымызымыз өте дәмді».

Аида БЕКЕЖАНКЫЗЫ

Аида БЕКЕЖАНҚЫЗЫ, Ахмет ауылының тұрғыны:

«Қымызды Алексей Ефремовтан сатып аламын. Одан алып жүргеніме бес жылдай болды, маған өте ұнайды. Кейде өзім үшін видео түсіріп, Instagram-ға жүктеп қоямын. Содан кейін көпшілік мұндай қымызды қайдан сатып алуға болатынын сұрап жатады».

Оның жайлауының шөбі шүйгін, суы мол, шыбын-шіркейі аз. Мал бордақылап, қымыз баптауға таптырмас жер. Болашақта бұл жерге қаз-қатар киіз үй тігіп, нағыз этноорталыққа айналдырғысы келеді.

Алексей

«Жайлауды ерекше жақсы көремін. Жазда бұл жерге үнемі келіп тұруға тырысамын. Мұнда адамның жаны рахат тауып, шын мәнінде демалады. Таза ауасы, табиғаты – бәрі ерекше ұнайды. Мұнда бір-екі күн болсаң-ақ, миың тынығып, сергіп қаласың. Мен үшін туған жерден ыстық ештеңе жоқ», — дейді Алексей Ефремов.

Алексейдің ата-анасы 50 жыл бұрын Ресейден Ахмет ауылына көшіп келіпті. Ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен. Бала күнінен еңбекпен есейген кейіпкеріміз қазір зайыбы мен балаларын да шаруашылық ісіне ширатып жүр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное