Понедельник, 31 августа, 2026

Жарық сыйлаған жан: қарағандылық офтальмолог Мәриям Шәкенованың тарихы

Мариям Шакенова

90-ға таяған Мәриям Шәкенова әлі де тың. Алпыс жылдан астам ғұмырын медицинаға арнаған дәрігер бүгінде денсаулығын күтіп, спортпен тұрақты айналысады. Жастайынан белсенді болған кейіпкеріміз ұзақ өмір сүрудің өзіндік қағидасын қалыптастырған.

Мәриям Шәкенова аптасына бірнеше рет Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келеді. Жаттығудың бірін де жібермейді. Өйткені қозғалыс – оның өмір салтына бұрыннан сіңген әдет. Жас кезінде спортпен айналысқан ол 1956 жылы Қазақстан атынан Мәскеуде өткен Бүкілодақтық дене шынықтыру шеруіне де қатысыпты. Арада жетпіс жылға жуық уақыт өтсе де, жаттығуды әлі үзген жоқ.

Мариям Шакенова

«Қозғалыс керек адамға. Жатып алып, ештеңе істемей отыра беруге болмайды. Мен үнемі қозғалыста болуға тырысамын», – дейді ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Мәриям Шәкенова.

Профессор Кусни Елеуов

Жасұлан Ғабдуллин, жаттықтырушы:

«Мәриям апайдың біздің орталыққа келіп жүргеніне бір жылдан асты. Өте белсенді, сабақтарға тұрақты қатысады. Тіпті орталық қызмет алушыларының барлығына үлгі деуге болады. Бізге алғаш келген кезде қан қысымы үнемі жоғарылайтын. Қазір денсаулығы жақсарып, қан қысымы қалыпқа түсті. Ең бастысы – олар мұнда уақытын көңілді әрі пайдалы өткізеді. Біз үшін ең маңыздысы да – осы».

Мәриям Кенжебайқызының өміріндегі тағы бір үлкен бағыт – медицина. Дәрігер болуды ол бала кезінен армандаған. Мектепте жазған шығармасында көру қабілетінен айырылған адамдарға көмектескісі келетінін жеткізіпті. Кейін осы арманы мамандық таңдауына түрткі болған.

Врач, которая открыла в Караганде лабораторию контактной коррекции зрения

«Әке-шешеміз: «Қайда барасың, қарағым?» – деп, «Ешкім жоқ, дос жоқ, одан не, сені өлтіріп тастайды, қанша баладан қалған сен жалғызсың, бармайсың», – деді. Мен оған қараған жоқпын. Қарағандыға келіп, емтихан тапсырдым. Намаздан тілепті, екі алып қайтып келсін деп… Екі алған жоқпын, түстім. Түсіп, 61-ші жылы бітіруім керек еді. 60-шы жылы тұрмысқа шықтым», – дейді ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Мәриям Шәкенова.

Өмірлік жары да әрдайым жанынан табылатын. Профессор Құсни Елеуов та медицина саласының майталманы еді. Ол – Қарағандыдағы травматология мен ортопедия саласының қалыптасуына үлес қосқан белгілі маман.

Мариям Шакенова была педиатром

«Сол кезде Мәскеуде ғана жасайтын, оның өзін сирек жасайтын жасанды хрусталикті «не надо» деп. Сол жасанды хрусталиктің орнына контакт линза дайындау деген шықты. Содан жолдасым медицина саласында өзі де болған соң, мені жіберіп, бір жарым жыл оқып, Мәскеуден келіп тұрдым. Бала кішкентай, әлі мектепке бармаған. Соның бәрі жолдасымның арқасы деп ойлаймын. Содан оқып келіп, осы центрді аштық. Ашқаннан кейін сол әлі келе жатырмыз», – дейді ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Алғашқы мамандығы педиатр болған Мәриям Шәкенова осылайша офтальмологияға ауысқан. Жаңа білімін Қарағандыда іске асыруға кіріскен дәрігер бірнеше жыл бойы зертхана ашуға дайындалды. 1976 жылы қалада контакт арқылы көруді түзету зертханасы жұмысын бастады. Бұл – осы өңірдегі алғашқы, Қазақстандағы екінші зертхана еді.

Мариям Шакенова — офтальмолог высшей категории

«Кейін ұжыммен бірге жұмыс істеп, медициналық диагностиканың дамуына үлес қостық. Ол кезде жаңа технологиялар мен заманауи медициналық аппаратуралар алына бастады. Шетелдік, неміс, ағылшын және америкалық өндірістегі құрылғыларды сатып алып, жұмысымызға енгіздік. Сол аппараттармен ұзақ жылдар бойы қызмет еттік», – дейді Мәриям Шәкенова.

Мәриям Шәкенованың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол – жоғары санатты офтальмолог, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. Маман үшін ең үлкен марапат – қанша жыл бұрын ем қабылдаса да, бүгінге дейін алғысын айтып жүрген науқастардың ризашылығы.

Ол жылдары көру қабілетін түзетудің мүмкіндігі қазіргідей кең емес еді, дейді кейіпкеріміз. Көз бұршағына ота жасалған кей науқастарға арнайы қатты контакт линзалары дайындалатын. Әр адамның көзі жеке өлшеніп, линза соған сай жасалды. Зертхана біртіндеп Қарағандыдан ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де науқастар қабылдайтын орынға айналды.

Мәриям Кенжебайқызы кәсіби қызметін жалғастырып қана қоймай, өз денсаулығына да көңіл бөледі. Бүгінде ол өзгелерге сергек жүрудің, сүйікті ісіңнен қол үзбеудің үлгісін көрсетіп келеді.

Как вам материал?
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Комментарии

Пока нет комментариев — будьте первым.

Оставить комментарий