Суббота, 7 сентября, 2024
ДомойНовостиПроишествия4 ауылға карантин жарияланды

4 ауылға карантин жарияланды

Қарағанды облысында жылқылар арасында эпизоотиялық лимфангит ауруы тарауына байланысты 4 ауылға карантин жарияланды.

Бұл елді мекендерде жылқы малын сою, еті мен сүтін саудалауға, тұтынуға болмайды. Бұған дейін Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жықылар белгісіз кеселден қырылған еді. Зертханалық тексеруден соң оның лимфангит екені анықталды. Белгілері малдың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалады. Бір өкініштісі аурудың әлі күнге емі жоқ. Кейін осы Үміткер ауылына қарасты Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында осы ауру тарады. Сондай-ақ, Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі бас жылқы ауырған. Қазір барлық 4 елді мекен карантиндік режимде. Ауырған 180 бас мал анықталып жойылды. Тағы 10-нан астамы оқшауланған.

4 ауылға карантин жарияланды

СНХ: Ержан Бактебаев облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшыс:

— Лабороториялық қорытындыдан эпизотиялық лимфангит дәлелденді. Бұл ауруға тән бүгінгі күнде «Отар» ғылыми-зерттеу институтының биологиялық проблемалар бойынша институтынан вакцина шығарылған. Ол зертханалық жай-күйде тексеріліп бүгінгі күнде дайын. Енді осы вакцинаны осы мынау практикалық түрде жаңағы карантин қойылған аумақтың сау малдарына егу жүргізуге дайынбыз.

 

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное