Четверг, 18 сентября, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюди280 тонна шөп және бір күн де жұмыссыз өтпейді: Қарағандылық Баян Мәкееваның...

280 тонна шөп және бір күн де жұмыссыз өтпейді: Қарағандылық Баян Мәкееваның хикаясы

Қарағанды облысында тракторшы әже еңбектің көрігін қыздырып жүр. Жер жыртып, шөп шауып, қызу науқанға ат салысуда. Осылайша отбасына тиесілі шағын шаруашылықтың үлкен жұмысын жүйелеп отыр. Техника тізгініне отырудың оңтайлы сәті түссе, қалт жібермейді.

Баян Қаппасқызы таңмен таласа шабындыққа асығады. Былтырғыға қарағанда биыл шөп шығымы аздау. Дегенмен, оны 2–3 күн ішінде жинап алмаса, бойындағы нәрі жойылып кетуі мүмкін.

Баян Макеева

«Табиғат аясында жұмыс жасау – жан рахаты. Демалып қаламын. Мына шөптің иісінің өзі неге тұрады? Мұнда қаншама қоспа бар. Гүл мен жусан иісінің өзі денсаулыққа пайдалы», – дейді Матақ ауылының тұрғыны Баян Қаппасқызы.

Отбасылық шаруашылық 280 тоннаға жуық шөп шауып үлгерген. Өмірін еңбекке арнаған зейнеткер биыл араға 40 жыл салып, тракторына қайта отырды.

Пенсионерка, посвятившая жизнь труду

«Тракторға отырып, тізгіндегенде, бұрынғы кездерім есіме түседі. Озат тракторшы болу үшін маңдай терді төгетінбіз. Тіпті түнгі ауысымда жұмыс істесем де шаршамайтынмын. Замандастарым: “Қалай осындай алып техниканы жүргізесің?” – деп таңғалатын», – дейді Баян Мәкеева.

Баян Мәкееваның әкесі ерте қайтыс болып, ес білгеннен еңбекке араласқан. 10 жылдық мектепті бітірген соң тракторшылар курсын оқиды. 18 жасында алғаш рет трактор тізгіндеп, көп адам жүрексінетін техниканы ырқына көндірген.

Баян

«Мен 8-сыныпта оқып жүргенде, мұғалім бізге “Болашақта қандай мамандықты таңдайсыңдар?” деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма берді. Сол кезде мен “өскенде тракторшы болғым келеді” деп жазыппын. Сол сөзім орындалып, тракторшы қыз атандым», – дейді зейнеткер.

Баян Мәкеева көп жыл Қарынши ауылында механизатор болып жұмыс істеген. Күндізгі әрі түнгі ауысымда ерлермен қатар иық тірестіре еңбек етті. Сол кезеңді еске алғанда:

Баян механизатор в селе Карыш

«Шындығында, мен механизатор болып жұмыс істегенде қатты қиналған жоқпын. Ол кезде жұмысшы мамандықтарға ерекше құрмет болатын. Әсіресе қыздарға барлық жағдай жасайтын. Жыл сайын маған жаңа трактор беретін. Апта сайын техниканы жөндеп, шабындыққа сақадай сай етіп дайындайтын. Түрлі облыстық шараларға бізді құрметті қонақ ретінде шақыратын. Сол себепті де мен осы жұмысты ерекше жақсы көрдім», – дейді Баян Мәкеева.

механизатор на работе

Нұржан Төлегенұлы – Баян Мәкееваның ұлы:

«Анамыз өмір бойы жұмыс істеп үйренген адам. Бос отыра алмайды. Біз шөп шабуға шыққанда, үнемі жұмысқа араласып, қасымызда жүреді. Кейде техникада ақау пайда болып, сынып қалғанда, анамыз трактордың қай жері сынып қалғанын айтып, бізге көмектеседі. Тракторды біз жүргізгеніміз ол кісіге ұнамайды. “Дұрыс жүргізе алмайсыңдар” деп үнемі үйретіп отырады».

Баян Мәкеева қыздар арасында озат механизатор атанған. Еңбегі еленіп, бірнеше марапатқа ие болған.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное