Суббота, 6 декабря, 2025
ДомойАвторские колонкиИсторияҚарағанды облысынан Далалық Еуразияда теңдесі жоқ бірегей жәдігер табылды

Қарағанды облысынан Далалық Еуразияда теңдесі жоқ бірегей жәдігер табылды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында археологтар 2,5 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің қабірін тапты. Қорымнан Далалық Еуразияда сирек кездесетін қару мен әшекейлер шыққан. Солтүстікке бағытталған, шалқасынан жатқызылған адамның оң қолынан қос жүзді, тұтас металдан құйылған көне қанжар табылған. Оның сабы мен жүзі ерекше өрнекпен безендірілген. Өрнекте арқар мүйізі мен бір-біріне қарап тұрған жыртқыш құстар бейнеленген. Археолог Арман Бейсеновтың айтуынша, бүркіт бейнелі акинак Орта Азияда алғаш рет табылып отыр.

Арман Бейсенов

«Қорған-1 зерттеу барысында аса ақпараттық және археологиялық тұрғыдан құнды нысан болып анықталды. Қорғанның топырақ үйіндісі толықтай алынып тасталғаннан кейін астынан тас тақталардан жасалған жабын анықталды. Бұл жабын ежелгі жерлеу камерасын қорғау мақсатында қаланған. Ең маңыздысы — қорғанның ішкі бөлігі бұзылмаған күйде сақталған, яғни жерлеу камерасы тоналмаған және мәдени қабаттар тұтастығын жоғалтпаған. Мұндай жақсы сақталған кешен археологтарға жерлеу дәстүрін, сол дәуірдің материалдық мәдениетін және әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді», — дейді археолог Арман Бейсенов.

Қазба жұмыстары қыркүйек айында басталған. Қарабие қорымынан табылған бұл қабірдің ерекшелігі — оның бүтін сақталғаны. Әдетте қымбат металдары бар мұндай жәдігерлер жиі тоналады. Қанжардың жанынан археологтар бес металл жебе ұшын және алтын сырға тапқан. Олардың көркемдік стилі Талды-2 қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігерлерімен үндес.

Раскопки

«Ежелгі кезеңге тән қабір жабынын қазып, 106 сантиметр тереңдіктен біз толық анатомиялық күйде сақталған адам қаңқасын таптық. Ол оң қолына осы акинакты ұстап жатқан. Бұл табылған жәдігерлер біздің тарихымыз үшін өте құнды. Бұл арқылы сол кездегі сақтардың металды өңдеудегі жетістіктерін көреміз. Әзірше біз оны ер адам деп ойлаймыз, дегенмен толық мәлімет антропологиялық зерттеуден кейін белгілі болады», — дейді Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Дәурен Жүсіпов.

Находки раскопок

Соңғы жылдары Қарағанды облысында дәл осындай сирек кездесетін мұралар жиі табылып жүр. 2023 жылы Қарқаралыдағы Кетобан зиратынан көбелек пішінді қола акинак табылған. Ал былтыр ғана Талды археологиялық саябағынан қан ізі сақталған темір қанжар шықты. Сарапшылар бұл жолғы жәдігерді б.з.д. VII–VI ғасырларға жатқызады. Қазір табылған артефактілер металлографиялық, радиокөміртекті және антропологиялық зерттеуден өтуде.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное