Елімізде соңғы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатындардың саны көбейді. Алайда әлемдік жарыстарда жетістік көңіл қуантпайды. Қазақ спортының дамуын тежеп тұрған бір мәселе бар болса, бұл – спортшылардың допинг дауы. Мысалы, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізді деп жазаланып, спорттан шектетілді.
Ал кеше ғана Тайлантта бокстан өткен Азия Чемпионатында өзбек боксшысы қарағандылық Абылайхан Жүсіповты иығынан тістеп ережені өрескел бұзды. Нәтижесінде Хавасбек Асадуллаевтың алтын медалі Абылайхан Жүсіповке қайтарылды. Бұл әрине жағымды жаңалық. Алайда сарапшылар әділетсіздікке ұшыраған спортшыларды бапкерлері мен спорт федерациялары көп жағдайда қорғай алмайды деп кінә тағады. Осы орайда Қарағанды облысының спортшы бапкерлерінің пікірін сұрап шолу жаса көрген едік.
Любовь Коволчук, Қарағанды облысының спортшысы:
— Қазақстан бойынша бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Өз салмағында әлемнің үздік ондығына енген спортшы. 118 кг серпе көтеруде, 156 кг штанга көтеруде жеке рекордын жаңартты.
Егер допинг бақылауы тұрғысынан бағалайтын болсақ, менің ойымша, бұл әділетті. Себебі, Қазақстанның Ұлттық антидопинг орталығы осы бағытта өте жақсы әрі әділ жұмыс істейді. Мысалы, менің тәжірибемде антидопинг ұйымдарынан әділетсіздік болған жоқ.
Әлемдік және ұлттық антидопинг ұйымдары бар. Олар мұқият тексеріп, әділетті шешім шығарады. Мысалы, КазНАДЦ сияқты біртұтас ұйым әділ әрі біркелкі шешім шығарады. Екеуі бірдей ереже бұзса да, әртүрлі дисквалификация мерзімдері берілмеген. Құқықтар бар, олар біз, спортшылар үшін бірдей.
Қазақстанда антидопинг жүйесінің спорттық мансапқа әсер етуі мүмкін. Әйтпесе, кейбір спортшылар әділетсіз жарысқа қатысып жатады. Мысалы, бұрын мықты ауыр атлеттер көп болды. Бірақ әлемдік ареналар олардың алдынан өте алмады. Әрине, әр спортшының ойында әділ қатысты ма деген сұрақ қалады. Сондықтан, антидопинг жүйесінің қалыптасып келе жатқанын естігенде өте қуанышты болдым. Қазіргі уақытта ұлттық антидопинг агенттігі жұмыс істеп жатқандықтан, бәрі бір деңгейде болып жатыр. Егер қандай да бір әділетсіз жағдайлар болса, ол тек жаттықтырушы мен спортшының қателігінен болуы мүмкін. Мүмкін, олар қандай да бір дәрумен немесе белгісіз шыққан препаратты қабылдаған болар. Себебі сертификат берілгенімен, ол сертификат жарамсыз болуы мүмкін немесе ол жалған өнім болуы мүмкін. Ал антидопинг орталықтары туралы өз пікірімді айтар болсам, олар бәрін әділ түрде жасайды.
Қыдыров Абзал Аралбайұлы, Қарағанды облысының ауыр атлетикадан жаттықтырушысы:
— Қазіргі спортта жазалар өте қатал, кейде спорттан шеттетілген жағдайға алып келуі Қатал жаза алса, сағы суға кетіп, психологиялық тұрғыдан жеңіледі. Мен көп жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушымын. Бірақ әділетсіз шешімдермен кездеспедім. Менің шәкірттерімнің дайындығы бәрін шешті.
Алексей Геннадьевич ұлттық құрамаға жетекшілік еткенде мен қатардағы спортшы болдым. Бапкерлікке ауысқанда ол кәсә қызметінен кетті. Мен оны жаттықтырушы ретінде жеке танымаймын. Онымен кәсіби тұрғыдан кездеспедім. Жазалау туралы мен барлық жағдайға қатысты тым қатаң деп айта алмаймын. Онымен мен жұмыс істеген жоқпын, кездеспегенмін.
Спортшылар басқа спорт түрлерінен ұқсас бұзушылықтар үшін минималды жазалар алған жағдайда не болады? Бұл бәрі олардың агенттеріне, заңгерлеріне, промоутерлеріне байланысты. Олар қандай да бір ережелерді қалай жұмыс істейтінін, қандай ереже бұзушылықтардың себептерін тауып, оларды шешетін күшті заңгерлер бар. Спортшылар мен жаттықтырушылар бұл мәселеге тікелей араласпайды. Біздің ауыр атлетика саласында әрқашан ашық жиналыстар, пікірталастар, жаттықтырушылар кеңестері өткізіледі. Онда барлық өзекті мәселелер талқыланады. Бізде бәрі ашық және цифрландырылған, әділ. Біздің спортта бәрі айқын әрі шынайы Жүйе тек оң әсер етеді. Оқу семинарлары мен тренингтер өткізіліп, әртүрлі нұсқалар түсіндіріліп беріледі. Нөлдік төзімділік, біз оған бағынуымыз керек. Тек оң әсер береді.
Нұрсейіт Құдайбергенов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
— Әрине, кез келген жаттықтырушы үшін ауыр жаза. Бірақ лайықты. Себебі, Жүсіпбек Аймауытовтың мынандай сөзі бар: “ Шәкірт, шәкірт емес, ұстазын сүймесе, ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе” Жаттықтырушы деген ол екінші әке. Бірінші кезекте нәтижені емес ол кісі балаларының денсаулығын ойлау керек. Дені сау бала ғана чемпион бола алады. Өз басым қаншама екпе егіп, дәрі беріп, баланың денсаулығын құртып Олимпиада чемпионын тәрбиелегім келмейді. Арам жолмен мал табамын деп, осындай жолға барды. Өз жазасын алды.
Ал әдәлетсіздікке келетін болсақ, әрине жарыстарда бұра тарту деген болып жатады. Ондай кезде барынша дауласып, өз шәкіріміздің жеңісімен абыройын қорғап шығуға тырысамыз. Ол үшін жарыстан шеттетіліп жатамыз.
Кейбір бапкер осылай шәкіртін қорғацмын деп, ашуға ерік беріп қояды. Түбінде спорттан қулады. Ол кісілерді де түсінуге болады. Егер бәрі әділ өтсе жеңіліп тұрған балаңды жеңді деп дауласпайсын ғой.
Қарағандылық спорт өкілдерінің пікірі осындай. Олар «Әлем таза спорт үшін» деген ережеге бағынатындарын жеткізді. Дегенмен медициналық сараптама жасайтын маман қарапайым қателік жіберсе, спортшының мансабының құрдымға кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.