Суббота, 14 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиЖаңа көкжиек: спорт арқылы табысқа жету жолы Айсұлу Сүлейменова

Жаңа көкжиек: спорт арқылы табысқа жету жолы Айсұлу Сүлейменова

Қарағандылық паралимпидасы Айсұлу Сүйлейменова әлем чемпонатына дайындық үстінде. Биыл ол Дубайда өткен жеңіл атлетикадан жарыста жүлдемен оралды. Айсұлу Сүлейменова байрақты бәсекеде мәре сызығын екінші болып кесіп, халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бұл оның алғашқы халықаралық жарысы.

Бүгінде ол Қазақстанның паралимпиада құрамасында жаттығады. Спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталған. Алдағы уақытта әлем чемпионы атансам деген мақсаты бар. Оған қарап жастар қазір ой мен бой түзейді.

параспортсменка Айсулу

«Мені жастармен кездесуге жиі шақырады. Балалар жаңа келіп мысалы маған рақметтерін айтып жатыр. Бұл маған шабыт береді. Менің сөзім мен ісімнен өздеріне бір нұсқама алып кетсе ол маған үлкен бақыт», — дейді параспортшы Айсұлу Сүлейменова.

Айсұлу Сүлейменова 2011 жылы, 20 жасында жол апатына ұшырап, салдарынан екі аяғынан айырылған. Протезге үйреніп, 9 айдан кейін жүре бастады. Бірақ бұл оның волейболдан Қазақстан паралимпиадалық құрамасында ойнауына еш кедергісін келтірген жоқ. Жасынан спортқа жақын қыз қиналса да салуатты өмір салтын ұстап, қоғамға көмегін тигізуге бекінеді. Жаттығудан қалмай, күни сайын спорттық біліктілігін шыңдайды. Бәрі оның ерік-жігері мен өмірге деген құштарлығының арқасында.

«Спорт адамның сергек жүруінің және денсаулығының кепілі. Мені спорт тығырықтан, депресиядан алып шықты. Жаттығу залында мен шабыттанатыным сондай, түрлі ілкімді ойлар санама келеді. Соны жүзеге асыруға ұмтыламын. Ал жарыстарда тек жеңісті ойлап тұрамын. Себебі маған сенген жандардың үмітін ақтағым келеді», — дейді Айсұлу Сүлейменова.

Айсулу

Айсұлу ұлттық компанияда 2015 жылдан бері ІТ инженері болып жұмыс істейді. Бір ұл тәрбиелеуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде де белсенді. Онда күнделікті өмірі, жұмысы мен жаттығулары жайлы бөліседі. Кейіпкеріміз көмегіне мұқтаж болған жанға барынша жәрдемдессем, өмірін жеңілдетсем дейді.

«Менімен тағдырлас азаматтар көп. Көбісі жүре алмаймын деп, қазір үйлерінде отырып қалды. Күрескілері келмейді. Мен айтам бізге осыдан кейін өмір жоқ. Әр күніңе риза болып, әр сағатыңның бос кетпеуіне еңбек етулерің керексіңдер деп айтып отырамын. Көбісіне мотивация болдым. Қолымнан келгенше көмек көрсетіп келемін. Білген түйгенімді үйрету, халыққа жеткізу менің міндетіп сияқты болып тұрады. Осылайда өмір сүруге болатынын көпшілікке түсіндіру үшін блогымды бастадым. Менің адамға уақытымды бөліп, көмектесуге дайынмын», — дейді спортшы.

Айсұлу Сүлейменова 1991 жылы Қарағанды облысының Ботақара ауылында дүниеге келген. Сәтбаев қаласында орта мектепті тәмамдаған. Жоғары білім бойынша оқу орнын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Автоматтандыру және басқару мамандығын тәмамдады.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное