Суббота, 6 декабря, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиМәрия Омарова: жыл сайын шабындыққа шығатын Қарағандының 80 жастағы тұрғыны

Мәрия Омарова: жыл сайын шабындыққа шығатын Қарағандының 80 жастағы тұрғыны

Қарағанды облысында 80 жастағы әже шөп тасу науқанының бел ортасында жүр. Мәрия Омарова көктемде тұқым сеуіп, жазда шөп шабады. Қажет болса, алып комбайн тізгіндеп, егін оруға да әзір. Осылайша отбасына тиесілі шағын шаруашылықтың үлкен жұмысын жүйелеп отыр.

Мария Омарова 30 жыл бойы трактор жүргізген. Сексен жасқа келсе де, ара-тұра техника тізгіндеп тұрады. Қазір қысқа қамданып, балаларымен бірге тонналаған шөпті ауылға жеткізіп, мал азығын дайындауға көмектесіп жатыр.

Мария Омарова управляет трактором

«Қазіргі тракторлар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жетілдірілген, жеңіл әрі ыңғайлы. Бұрын тракторларды қолмен тартып, қолмен оталдыратын, өзі де ауырлау болатын. Ал қазір балалар трактормен жүргенде, қызығып әрі шыдамай, өзім де тізгіндеп кеткім келеді. Жалпы, техниканы жүргізіп, онымен қыдырып жүрген ерекше ұнайды», – дейді зейнеткер Мария Омарова.

Ол біраз жыл машина-трактор шеберханасында жұмыс істеген. Жинаған тәжірибесі мол зейнеткер көліктің ақауы шыққан жерін өзі-ақ жөндеп алады.

Пенсионерка с большим опытом

Білікті маман екенін ескерген ауыл басшылығы комбайн жүргізуді де сеніп тапсырған. Бұл шаруаны да мүлтіксіз атқарып, 11 жыл бойы қамбаны астықпен толтырған.

«Егінге шығамыз деген күн біз үшін нағыз тойға бергісіз болатын. Қарқаралы өңірінде мемлекеттік бақылау ерекше қатаң жүргізілетін. Тексеру тобы комбайнды жолдың қақ ортасына қойғызып, әдейі селкілдететін. Егер жерге бір дән түссе, “Ысырап жасап жатырсыңдар” деп бірден ескерту беретін. Бұл бізді ұқыптылыққа тәрбиеледі», – дейді Мария Омарова.

Мария Омарова в молодости

Мәрия Аманжолқызы еңбекпен шыңдалып, қыздар бригадасында сауыншы болған. 1970 жылдары Еңбек Ері Нұрбақыт Қабдікәрмова Қарқаралы өңірінің қыз-келіншектерін механизатор болуға шақырғанда, Мәрия Омарова да батыл қадам жасап, техника тілін меңгерген.

«Алғаш техника тізгіндеп, жұмысқа кіріскен кезде аздаған уайым болды. Алайда уақыт өте келе құлшыныс оянып, ер адамдардан қалыспайық деген талпыныс артты. Ол кезеңде жұмысқа берілгеніміз сонша, отбасы мен бала-шағаны да бір сәтке ұмытып кететінбіз», – дейді зейнеткер.

Мухаметкали Омаров

Кейіпкеріміздің өмірлік серігі Мұхаметқали Омаров та озат механизатор болған. Әке-шешенің тәрбиесін көрген балалары техниканың тілін жетік біледі. Тракторды да, комбайнды да жүргізе береді.

«Трактордан аздаған дыбыс шықса, біз “кейін жөндеп аламыз” деп мән бере қоймайтынбыз. Ал ол кісі болса, қарап тұрмай: “Мына жерін дәл қазір жөндеңдер, ертең жаңбыр жауып кетсе, салдары ауыр болады” деп үнемі ескертіп, үйретіп отыратын. Кейде мен “отырыңызшы, неге еңбектеніп жатырсыз?” деп ренжіп айтсам, ол үндеместен кілт-саймандарды қолына алып, өзі жөндеуге кірісіп кетеді. Амалсыздан біз де сыртқа шығып, көмектесуге мәжбүр боламыз», – дейді Мәрия Омарованың ұлы Бегал Омаров.

Мария Аманжолқызы

Мария Омарова аудандық кеңестің депутаты болып, ауыл шаруашылығы саласының үздігі атанған, «Халықтар достығы» марапатына ие болған. Жеті балаға өмір сыйлаған ана бүгінде немере-шөберелерін еңбекке баулып жүр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное