Қарағандылық ақ халатты абзал жан медициналық киімін ертегілер кейіпкерлеріне ауыстырды. Осылайша өзінің балалар дертіне дауа болатын тәсіл ойлап тапты. Бұл Анна Тенцердің ауруханадағы шағын гардеробы. Мұнда ертегілер кейіпкерлері мен түрлі анимациялық костюдердің 10 түрі бар. Бала көңілін көтеріп жаттықтыратын ойыншықтары да сақадай сай. Анна Тенцер психолог. Осымен 7 жыл бойы Қарағанды облыстық көпсалалық клиникалық балалар ауруханасында еңбек етеді. Негізгі жұмысына сағат он бірде бастайды. Себебі осы уақытта түрлі емдік дом шараларынан өткен бүлдіршіндерге психологиялық қолдау керек болады. Осы сәтте көмекке Анна келеді.
«Бала ауруханаға түскен кезде, ол өзінің әдеттегі ортасынан, ата-анасынан және жақындарынан алыстайды да, психологиялық қысым сезеді. Жаңа ортаны бірден қабылдай алмайды. Осы сәтте мен бала көңілін аулап, жаңа кейіпте келсем, ол маған сенетін болады. Яғнм сырқаттанған балаға медициналық қызметкерлерден басқа адаммен коммуникация орнату жеңіл болады. Сондай-ақ бала стресстен арылады», — дейді Анна Тенцер.
Әрине медицина қызметкерлерінің киіміне қарағанда дисней костюдер сериясы балаларды қызықтыра түседі. Психологиялық емдеу бағдарламасы ойынтерапия деп аталады. Құрылымын Анна Тенцер өзі ойлап тапқан. Ойын түрінде болғанымен зияткерлік бағытты да қамтыған.
«Алдымен мен аурухана бөлімшелерін түгел аралаймын. Әр бөлімде жатқан баланың сырқатын анықтапймын. Себебі кейбір науқастарға орнынан тұруға тиым салынған. Интеллектуалды белсенділікке күш салуға болмайтындар балалар да бар. Емдік шараларын жүргізер алдында менде балалар тізімі, жасы, сырқаты жайлы ақпарат болмайды. Сондықтан барлық керек жарақты арқалап алып осылай тасмалдап жүремін», — деп өзінің жеке тәсілімен бөлісті психолог.
Ал әріптестері мұндай әдіс ем алатын балаларға пайдалы екенін айтады.
«Әріптесіміз белсенді адам. Әрқашан бізге жақсы көңіл-күймен келеді. Балалар оны өте жақсы көреді. Оларға қажет ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырады. Бұндай тәсіл балаларға керек. Ауруханада жатқандықтан олар қандай да бір ойын-сауықты, жаңа нәрсені қалайды», — дейді Виктория Залевская.
Осылайша ол медициналық мекемеге деген бала көзқарасын өзгерткісі келеді. Себебі дерт дендегенде бүлдіршінді түрлі үрей бейлейді. Аурухананың атмасферасының өзінен адамның ұң жұрғасы түсетіні хақ. Сондықтан ақ халатты абзал жан әр бүлдіршіннің көңілін басқа арнаған бұрады. Ата аналар жоба жемісті дейді. Бұған балдырғандардың көңіл күйі дәлел.
«Пилоттық жоба оң нәтиже берді. Өзгерісті мен емес, медицина қызметкерлері де байқады. Балалар менің телефон нөмерімді сұрап, маған хат жазуға тырысады. Мен олардың жүзін есіме сақтамасам да, олар мені таниды. Арада біраз жылдар өтсе де, танып амандасып жататындары да бар», — дейді Анна Тенцер
Ол ауруханадағы әр бөлімшесіне осындай ойынтерапия өткізеді. Психологиялық емдеудің бұл тәсілін бірінші болып Қарағанды облыстық балалар ауруханасы жүзеге асырып отыр. Ал болашаққа жоспары мынандай.
«Болашақта ауруханадағы әр бөлімшеде үлкен теледидарлар қойылса екен деймін. Бұл балалар үшін қолайлы, мысалы, олар мультфильмдер көре алады. Ол да бір терапия. Балалар қазір заманауи, көп уақыттарын телефонда өткізеді. Сондықтан біз олардың басын қосып, коммуникация орнатуға тырысамыз. Әкемен шешенің орнын технология баспау керек. Қазіргі заман баласына бетін қақпай, керісінше, арқасы¬нан қағып демеу болу маңызды».
Анна педегок әрі психолог сияқты қос мамандықты меңгерген. Аниматор болып та жұмыс жасаған. Алайда көпшілік волонтер ретінде де таныйды. Қазірдің өзінде балалар үйі мен қарттар үйіне барып қамыққан қамкөңіл жандардың жүрегіне жылулық сыйлайды.