Воскресенье, 14 июня, 2026
ДомойПолезноеЛюдиҚарағандыдағы ертегі аула: Наталья Евдошенко цемент пен құмды қалай арт-нысанға айналдырады

Қарағандыдағы ертегі аула: Наталья Евдошенко цемент пен құмды қалай арт-нысанға айналдырады

Қарағандыда тазалық пен қолөнер үйлескен ерекше аула бар. Наталья Евдошенко қарапайым құрылыс материалдарынан қолөнер бұйымдарын жасайды. Бүгінде оның үйінің айналасы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Бұл аулаға кірген адам өзін ертегі әлеміне түскендей сезінеді. Мұндағы бетон мен құмнан құйылып, ағаш кейпіне келтірілген жиһаздар мен декорлар көздің жауын алады. Үй иесі ауладағы әр элементтің дизайнын өзі ойластырып, қолдан жасаған.

Увлечение Натальи Евдошенко

Наталья Евдошенконың шығармашылыққа қызығушылығы 7 жыл бұрын басталған. Шебер табиғаттағы ағаштардың пішінін қайталап қана қоймай, оған өзіндік өрнек пен ерекше стиль қосады. Бұл жерден құрт-құмырсқаның да бейнесін көруге болады. Оны фантастикалық фильмдер мен мультфильм кейіпкерлері шабыттандырады.

Наталья Евдошенко

«Мен жеті жыл бұрын шығармашылықпен айналысамын деп мүлдем ойламадым. Барлығы осы жер үйге көшіп келгеннен басталды. Маған ерекше дүниелер жасаған ұнайды. Көп жағдайда идеяны табиғаттан, кейде фильмдер мен мультфильмдерден аламын. Әр жұмысым қайталанбас болғанын қалаймын», — дейді шебер Наталья Евдошенко.

Шебер цемент, құм және металл қаңқа материалдарын қолданады. Мүсіндердің негізін Наталья Евдошенконың ұлы Данил дайындайды. Ол металл конструкциялардан қаңқалар жасайды. Кейін олар ерекше композициялардың негізіне айналады.

Данил Евдошенко

«Мен дәнекерлеуді тек белгілі нүктелерде ғана жүргіземін, толық тігістер жасамаймын. Жалпы, мұны меңгеру аса қиын емес. Ең қиыны — болашақ бұйымның дайын қаңқасын көз алдыңа елестете білу», — дейді Н. Евдошенконың ұлы Данил Евдошенко.

Шебер бұл істі табыс көзіне айналдырған. Ол тұрғындардың аулалары мен саяжайларын безендіруге арналған тапсырыстарды қабылдайды. Тапсырыс берушілер көбіне ертегі кейіпкерлеріне, сәндік гүл құмыраларына және ағашқа ұқсатып жасалған орындықтарға сұраныс білдіреді.

«Бастапқыда мұның бәрін өз ауламыз үшін жасадық. Кейін адамдар қызығушылық танытып, тапсырыс бере бастады. Қазір әр клиенттің қалауына сай жұмыс істейміз. Біреулер ертегі кейіпкерлерін сұраса, енді бірі ауласына ерекше сәндік бұйым орнатқысы келеді. Адамдардың еңбегімізді бағалағаны қуантады», — дейді шебер Наталья Евдошенко.

Аула отбасының демалыс орнына айналған. Ал қарағандылықтар бұл үйді қамал деп атап кеткен. Қазір шебер айдаһар мүсінін жасап, аула айналасына ертегі әлемінің стиліндегі ерекше қоршау тұрғызуды қолға алған.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное