Пятница, 15 ноября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚозғалыстағы күш: Қанат Оспанов қатерлі ісік ауруын қалай жеңді және басқаларды шабыттандырады

Қозғалыстағы күш: Қанат Оспанов қатерлі ісік ауруын қалай жеңді және басқаларды шабыттандырады

Дұрыс тамақтану, тынығу әрі спорт. Бұл 61 жастағы қарағандылықтың қағидасы. Осы салауатты өмір салты оны ауыр дерттен айықтырды. Бүгінде өмірінің бір бөлшегіне айнылды.

Қанат Оспановтың таңы бойды ширатып, жүгіруден басталады. Ол күніне 15 шақырым жүгіп, есептеп барлығы тіркеп отырады. 1 жылда 1000 нан астам шақырымды бағындырады екен.

«Көбісі ауызбен демалады. Мен жүгіргенде мұрынмен демаламын. Ауызбен демалса кейде кеуіп қалады. Ал Мұрынмен демалса кислород барады. Сондықтан жүгіру оңайырақ болады», — дейді Қанат Оспанов

Канат Оспанов преодолел рак

Қанат Оспанов 60-тан аса марафонға қатысқан азамат. Жетістігі жемісті. 32 секунтта 300 метрді бағындырып ректорт орнатқан. Жалпы спорттың бұл түрі жанына жасынан жақын болған.

«Боксқа қабылданатын кезде маған сен метрке алып кел. Егер ертеңге дейін алып келмесең қабылдамаймыз деп айтқан кезде мен қолымдағы сөмкемді досыма беріп, Қарағанды қалсындағы «Шахтер» стадионынан Бұқар жырау ауданында орналасқан ауылыма жаяу жүгіріп кеткенмін. Ол кезде автобуста жүрмейтін кез. Сонда кешке 9 да кеткеннен, түнгі бірде жүгіріп бірақ жеттім. Қайтарда әкем трактормен әкеліп тастады», — деп еске алады марафоншы.

Кейіпкеріміздің балалық шағында жеңіл атлетика мен футболға әуестенген. Ол дене шынықтыру және спорт техникумының түлегі. Осында оқып жүргенде бокспен шұғылданады.

боксёрские приёмы на ринге

«Мен гпруша ұрудан бастадым. Таңертен 1000 соққы, Түстен кейін 1000 соққы. Кешке 1000 соққы. 10 күн ішінде 30000 соққы ұрдым. Сол тұста дене шынықтыру және спорт техникумында  атым шыға бастады. Ол кезде бұл керемет жетістік болатын еді. Бір күні бапкер, қолыма былғары қолғапты беріп, шаршы алаңда бұрын жаттығып жүрген бір досыммен жарысқа түсуді тапсырды. Менің ешқандай дайындығым жоқ еді. Бірақ соққымның екпіні қатты болғаны соншалықты, қарсыласымды құлатып тастадым», — дейді спортшы.

Құқық қорғау органдарына қызметке орналасқанда спортпен тұрақты түрде айналыса аламайды. 51 жасында денсаулығы сыр беріп инфа́ркт алады. Артынша ағзасынан онкологиялық ауру анықтаған. Сол сәтте Қанат Оспанов дәріні емес спортты таңдайды. Нәтижесінде салауатты өмір салты дертіне дауа болды.

Канат Оспанов жим

«Ол кезде 5 рет денені көтеру жаттығуын (оджимание) жасай алмайтынмын. Бірден күн тәртібін жасап жоспар құрдым. Мысалы денені көтеру жаттығуын күніне 1 рет. 10 күннен кейін күніне 10 ретттен көбейтіп отырдым. Ерте тұрып, ерте жатуға дағдыландым. Мысады түнгі 10.00 нан бастап түнгі 2.00 ге дейін бауырымыз күллі денені қалыпқа келтіреді.Қажетті дәрумендер ағзаға бөлінеді. Ас мәзірінен етті мүлдем алып тастадым. Осымен 11 жыл ет жемеймін. Ұннан жасалған әрі тәтті тамақтан  мүлдем  бас тарттым. Тек қана балық, қаз, үйрек, тауық етін және жұмыртқа тұтынамын. Осы ережедерді сақтауымның арқасында мен онкологиялық ауруды жеңіп шықтым», — деп Қанат Оспанов құпиясымен бөлісті.

Дұрыс тамақтану, тынығу әрі спорт. 10 жыл бойы ол осы қағидамен өмір сүріп келеді. Осы күн тәртібімен жүру жолын қазір көпшілікке үйретіп жүр. Ал жасөсмпірімдерді бокс каратэ кикбокстан жаттықтырады. Бүгінде 50 жас спортшы бапкердің тәлімін көруде.

Қанат Оспановтың отбасы да қатаң күн тәртіпті ұстанады. Дастарханда майлы, тәтті тағамдар қойылмайды.Балалары немерелері де әке жолын қуып спортты жанына серік етуде.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное