Четверг, 10 октября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиБүкіл әлем бойынша жаяу жүру: Асхат Қажытай мыңдаған шақырым жүріп өтіп, әлемді...

Бүкіл әлем бойынша жаяу жүру: Асхат Қажытай мыңдаған шақырым жүріп өтіп, әлемді кезең-кезеңімен ашады

Қарағандылық жиһанкез Асхат Қажытай Анкарадан Батуми қаласына дейін 1111 шақырымды жаяу жүріп шықты. Бұл қашықтықты еңсеруге оған 20 күн қажет болған.

Бұл сапарында ол Түркияның Самсун қаласындағы Абай ескерткішіне тағзым етті. Саяхат кезінде Түркияның 20-дан астам ірі және шағын қалаларын 24 күнде аралап шыққан. Асхат Қажытай «Әлемді жаяу аралаймын» жобасын 2021 жылы Қазақстанда бастаған. Бұған дейін ол Орталық Қазақстанның ең биік нүктесі – Ақсораң шыңына дейін 333 және Ұлытауға 777 шақырымды жаяу жүріп өткен. Мақсатым жер тану, шетелдегі қазақтармен танысу, қазақ тілін меңгерген өзге мемлекет азаматтарымен сұхбаттасу және елімізге қатысты орындарда болу, дейді ол.

марафонец

«Қара теңіздің жағасымен жүрдім. Өздеріңіз білесіздер, Қара теңіз деген өте әйгілі теңіз. Осы әлемнің осы Түркия мен Грузияның ең курортты қалалары осы Қара теңіздің жағасында орналасқан. Көне түрік тілінде бұл Қара теңізді Ұлы теңіз деп те атайды. Мен үшін ерекше болды қара теңіз. Бұл жолдағы енді менің алдымдағы Ақтоғай мен Ұдытауға барғандағы бағытқа қарағанда бұл жақта енді маған жол кішкене жеңілдеу болды. Өйткені Түркияда инфрақұрылым өте қатты дамыған. Маған жолдың сапасы өте ыңғайлы болды. Және екінші бір таңқалғаным ол жақтағы интернеттің жұмыс істеуі өте жоғары дәрежеде. Мен таумен жүрсем де, таумен жүрсем де, таспен жүрсем де, ауылға кетіп қалсам да мынау ненің ұялы телефонның шкаласы бір де бір рет құлаған жоқ. 24 күнде интернет 100% істеп тұрды», — дейді Асхат Қажытай.

Түркия елін жаяу шарлаған ол жолда қазақтарды жиі кездес­тірген. Еліміздің мемлекеттік нөмірін тағынған жеңіл көлік, жүк көліктерін жолықтырып, олармен тілдескен. Қаратеңіздің жағасындағы қонақүйде қара­ғандылық мотожиһанкез Иван деген азаматпен жолыққанын айтады. Ол да құны 20 млн. тұратын мотокөлігімен әлемді шарлап жүрген көрінеді.

встретил мотоциклиста

«Самсун қаласында қонақүйге келе жатқан кезде алдымда бір қымбат мотоцикл тұрды. Соны енді түсіріп, көрермендеріме, жанкүйерлеріме түсіріп көрсетейін деп былай айналып жүрген кезде төмен жаққа қараған кезде нөмерінде өзіміздің туымызды көрдім да қуанып кеттім. Оның үстіне жанағы 09 біздің регионның номеры болған соң. Сосын ресепшнге барып сұрадым, мына қазақстандық қай номерде жатады деп. Олар звондап көрді, есігін барып қағып көрді. Бірақ ол жанағы иесі табылмай қойды. Сөйтіп астында күттім ресепшнда. 1,5 сағат өткен кезде келді. Өзіміздің Қарағандының Иван деген жігіті екен. Ол сол мотоциклмен әлемді аралайды екен. Бұл жерде екекуіміз қауышып, достасып, телефонымызды алмасып, әлеуметтік желідегі парақшамызды алмасып мен оған сәттілік тілеп. Ол маған қарама-қарсы кетіп бара жатыр екен. Сол Иванды көрген кезде бір өзім бір қазақ енді көп жолда жүріп келе жатқан кезде ерекше сезім болды. Қазақтарды көргенде таңқалдым деп енді Түркияда көбісі ойлауы мүмкін қазақтар көп кой деп. Бірақ олар көбінесе қащақтар бізде Стамбулда, яғни мынау Жерорта теңізі жанында, Зейтинбурну дейтін қала жақта орналасқан. Көбінесе қазақтар сол жақта тұрады. Ал мен жүрген бағытта мүлдем жоқ деуге де болады. Сондықтан да жолыққан әрбір қазаққа мен өзім кәдімгідей өзімнің енді ерекше сезім болады да, жеткізі алмайсың оны», — дейді марафоншы.

Шартарапты жаяу шарлаған Асхат Қажытайдың негізгі мамандығы-баспасөз қызметкері. Көп жылдар осы салада жемісті еңбек еткен. Кейін жеке кәсіп ашқан. Жаны шығармашылыққа жақын,қолы қалт етсе өлең жазатыны бар. Жақында «Жаяудың жазбасы» атты қазақ,ағылшын тілдерінде кітабын жарыққа шығармақ. Сол туындыда осы сапары жайлы толығырақ қалам тербемек. Кейіпкеріміз төрт баланың әкесі. Ұлдары да спортқа жақын көрінеді. Әр сапарға шығарда отбасы қолдап, тілеуін тілеп отырады.

«Отбасымда мен көп балалы әкемін. Көп балалы отбасымыз. 4 балам бар, келіншегім бар, үйде анам бар. Сол анамның ақ батасымен, балаларымның тілеуімен сол жолға шығам. Енді жолға шыққан кезде айтады ғой енді барлық жағдайын жасап кетесің енді жолға шыққаннан кейін отбасыңа. Нағыз өзіңнің ең бірінші жанкүйерің, ең бірінші тілеушің, тілеуқорың сол отбасы ғой. Әрине қазір дамыған заман ғой, күнде телефонмен, ұялы телефонмен сөйлесіп отырамыз», — дейді жиһанкез.

Герой сюжета

Жиһанкез әлеуметтік желілерде де белсенді. Оқырмандарымен әр сапарындағы қызықты сәттерімен бөлісіп отырады. Өзі секілді әлемді аралағысы келетін жандар жиі жазып,кеңес сұрайтын көрінеді.

«Жаяу жүру дегеннің өзі тегін спорт қой негізі. Үйден шықтыңыз, немесе офистан щықтыңыз ыңғайлы киіміңіз болса болды жаяу жүре беріңіз. Бұл өте пайдалы. Енді кез келген ыңғайлы спорт, жарақат болмайды бұл жерде. Күніне енді адамдарға кеңес берем, кемінде 10.000 қадам жаяу жүрсе күніне денсаулыққа пайдалы деп ойлайм», — дейді марафоншы Асхат Қажытай.

Айта кетейік, бұл жиһанкездің шетелдегі алғашқы жаяу ультрамарафоны. Жүру қашықтығын Garmin сағаты арқылы өлшеп, күнделікті жүрген жерлерін әлеуметтік желі арқылы тікелей жариялап отырған көрінеді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное