Воскресенье, 29 марта, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюди74 жаста рөлде: Қарқаралы ауданындағы «мобильді» әженің тарихы

74 жаста рөлде: Қарқаралы ауданындағы «мобильді» әженің тарихы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында кез келген техниканы тізгіндей алатын батыр ана тұрады. 74 жастағы Рымкеш Абжанқызы көктемде жер жыртып, жазда шөп шабады. Ал қыста қар тазалап, ел игілігіне қызмет етеді. Рымкеш Абжанқызы көп жылдан бергі көлігі — тракторын оталдырып жатыр. Күнделікті дағдысы — ауланы тазартып шығу. Қар жауған сайын немерелерін қасына жинап, үй маңын ақ ұлпадан арылтады.

Рымкеш Абжанкызы из Каркаралинского района

«Тазалық өз аулаңнан басталады. Мені енем жас кезімнен таңды үйдің іші мен айналасын ретке келтіруден бастауға үйретті. Мен қар тазалап, балаларым мен немерелеріме еңбекқорлық пен тазалықтың үлгісін көрсетіп жүрмін», — дейді Қарқаралы ауданының тұрғыны Рымкеш Абжанқызы.

Нурдаулет Бакытулы

Нұрдәулет Бақытұлы, Рымкеш Абжанқызының немересі:

«Ол ешқашан қол қусырып отырмайды. Жұмысты ерлердікі, әйелдердікі деп бөлмей, барлығын өзі істеуге тырысады. Жасына қарамастан, әлі күнге дейін қарды өзі тазалайды».

74 жастағы зейнеткер сергек жүру үшін көп қимылдау керек деп есептейді. Күніне 2 сағат далаға шығып, қыс бойы қар күрейді. Салмағы тоннадан асатын техниканы басқарғанда қиналған емес.

движение — залог здоровья

«Бір адамдар атқа мінгенде ләззат алады. Ал мен трактор тізгіндегенде ерекше рахаттанамын. Бала кезімнен ауыр техниканы жақсы көрдім», — дейді Қарқаралы ауданының тұрғыны Рымкеш Абжанқызы.

Рымкеш Абжанкызы за работой

Ол Қарқаралы ауданына қарасты Темірші ауылының тумасы. Еңбекке ерте араласқан. 18 жасынан тракторшылар курсын оқып, көбі жүрексінетін алып техниканы ырқына көндірген. Механизатор болып күндізгі әрі түнгі ауысымда ерлермен қатар иық тірестіре жұмыс істеген.

«Әрине, бастапқыда оңай болған жоқ. Әсіресе трактормен кері жүру қиын еді. Біз бағдар алу үшін жерге арнайы қазық қағып қоятынбыз, соған қарап артқа жүретінбіз. Уақыт өте келе бәрі үйреншікті болады. Алғашында еңіспен жүргенде аударылып кететіндей көрінетін, қатты қорқатынмын», — дейді зейнеткер.

Рымкеш Абжанкызы за рулем

Қария сынған техниканы өзі жөндеп алады. Әсіресе күрделі жөндеудің шебері.

«Техниканы жөндеу қиын емес. Ең бастысы — ептілік. Көбіне тракторлардың көпірі не алдыңғы бөлігі бұзылады. Немесе беріліс қорабындағы тісті дөңгелектер істен шығады», — дейді Қарқаралы ауданының тұрғыны.

Рымкеш Абжанкызы с мужем

Өмірлік серігі Мағзұм Алтыбаев екеуі тракторды қатар тізгіндеп, өмірде де, жұмыста да жарасым тапқан. Кейін жолдасы мал бақса, өзі совхоздың бас сауыншысы болған. 1 сағатта 18 сиырды сауып, жоғары көрсеткішке жеткені — ел есінде.

«Мен сүттен әуелі май шайқап, кейін одан сары май қайнататынмын. Бір бидоннан 36 килограмм сары май шығатын», — дейді Рымкеш Абжанқызы.

Заман талабына бейімделген Рымкеш Абжанқызын ауылдастары «мобильді әже» атап кеткен. Кез келген көлікті әп-сәтте меңгеріп, тізгіндеп кете береді. Биік квадроциклді де еркін жүргізеді. Зулап жүрген сәтте алатын әсері тіпті бөлек.

сын Рымкеш апа Мереке Магазулы

«Ол әлі күнге дейін тәулік бойы рөлде отыруға дайын. Біз оған қалаға барып, көбірек демалуды ұсынамыз. Бірақ ол қол қусырып отыра алмайды. Қасқырлармен де талай рет бетпе-бет келген. Соншалық батыл — бірде олардың аузынан бұзауды жұлып алып қалған», — дейді Рымкеш апаның ұлы Мереке Мағазұлы.

Зимой она пересаживается на снегоход

Ол қар талғамайтын көлікпен күніне ауылды бір шолып шығады. Балаларының қолы тимей жатса, мал қайырып, қолғабыс етеді. Тіпті аттың өзі бара алмайтын жерге де лезде жетеді. Қария спорттан қол үзбеген. Үйде фитнес жаттығуларын жасап, денесін шынықтырады. Рымкеш Абжанқызы 10 баланы өмірге әкелген батыр ана, 20 немеренің әжесі. Қазір оларға ақыл-кеңесін айтып, еңбекке баулып жүр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное