Понедельник, 11 августа, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиМінезінің қуаты мен жерге деген махаббат: 25 жылдық тәжірибесі бар механизатор, алтын...

Мінезінің қуаты мен жерге деген махаббат: 25 жылдық тәжірибесі бар механизатор, алтын құрсақ ана Шайза Өтебаеваның өмір жолы

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында ауыр техниканың түр-түрінің тілін меңгерген әже тұрады. Шайза Өтебаева – қырда тер төккен механизатор. Бір қолымен колхозда жұмыс істеп, екінші қолымен бесік тербеткен алтын құрсақ ана.

Шайза Өтебаева трактор тізгініне отырудың оңтайлы сәті түссе, қалт жібермейді. 10 жыл бұрын инсульт алып сырқаттанып қалса да, техника десе елеңдеп отырады.

опытный механизатор

«Есімде, ауылымызда трактор жүргізу курстары ашылғанда бірден тіркеліп, жазылдым. Мені ешкім мәжбүрлеген жоқ, рөлге өз еркіммен отырдым. Барлығы өте қызықты болды. Бұл – менің өмірімдегі тағдырымды өзгерткен сәт», – деп еске алады зейнеткер Шайза Өтебаева.

механизатор с 25 летним стажем

Шәйза әже – 25 жылдық тәжірибесі бар механизатор. МТЗ-80 тракторы оған 1985 жылы сыйлыққа берілген. Осы техникамен жер жыртып, шөп шауып, қыстақтарға мал азығын жеткізген. Күніне 24 гектар жердің шабындығын шауып отырған. Кейін косилка мен комбайнға дейін тізгіндеген.

Шайза Утебаева механизатор с 25 летним стажем

«Бірнеше тракторды жүргіздім. Ауыр техникалардың барлығын маған сеніп тапсыратын. Өте ұқыпты болдым. Ауыл тұрғындары мені трактормен жүргенде таңғалатын. Механизатор болудың ешқандай қиындығы жоқ. Қабылдасаң жеткілікті», – дейді зейнеткер Шайза Өтебаева.

Шайза апа передаёт свои знания

«Ол балаларға да, жұмысына да бірдей көңіл бөлетін. Шөп шапса да, егін ексе де, ораққа қатысса да, қай жерде жүрсе де, үйге оралып, баласын тамақтандыруды ұмытпайтын. Тіпті баласы дүниеге келген соң, 40 күннен кейін жұмысқа шығып кеткен. Демалуға мүлде уақыты болмайтын. Оның еңбекқорлығы көптеген қыз-келіншектерге осы салада еңбек етуге шабыт берді», – дейді Шайза Өтебаеваның туысы Бақтыбала Қабыланбайқызы.

Өмірлік серігі Байсерке Әшімов те озат тракторшы болған. Балалары да техниканың тілін жетік біледі. Қазір трактор жүргізуге келіндерін баулып жүр. Олар техника сыр берген жағдайда кінәратты бірден таба алады.

невестка Ш. Утебаевой

«Ол техниканың тілін соншалықты жетік меңгерген. Трактордың дауысынан-ақ ақауын дәл анықтай алады. Тіпті үйден шықпай-ақ, жөндеу жұмыстары бойынша бізге кеңес бере алады», – дейді Шайза Өтебаеваның келіні Меруерт Әшімова.

Ененің қасында көп жүрген келіндерінің бірі – Меруерт Әшімова. Шөп шабу науқанында жолдасына қолғабыс етеді.

Меруерт Ашимова

«Трактор жүргізу немесе ауыл шаруашылығымен айналысамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Алайда осындай тәлімгердің қасында жүріп, бұл іске деген сүйіспеншілігім оянды. Көп нәрсені үйрендім», – дейді Шайза Өтебаеваның келіні Меруерт Әшімова.

Дулат Әшімов, Шайза Өтебаеваның ұлы: «Кейде анам трактормен серуендетуді сұрайды. Ондайда қалай ғана қарсы болайық? Себебі ол темір тұлпардың тізгініне отырған сәтте шексіз бақытқа бөленеді».

Шайза Өтебаева небәрі 15 жасында озат механизатор атанды. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді түрде араласқан. Сегіз құрсақ көтерген кейуана бүгінде немере-шөберелерін еңбекке баулып келеді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное