Среда, 11 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюди«Тазалық ауладан басталады»: 90 жастағы Ақбопе Ибраева-өз ауылына үлгі

«Тазалық ауладан басталады»: 90 жастағы Ақбопе Ибраева-өз ауылына үлгі

Ауланың тазалығы ауылдың тазалығы. Бұл 90 жастағы қарияның ұраны. Қарағанды облысына қарасты Өспен ауылының тұрғыны осылайша «Таза Қазақстан» акциясына ат салысуда.

Таза Казахстан

Ақбөпе Ибраева Өспен ауылының ең қарт тұрғыны. Әженің тіршілігі аула сыпырудан басталады. Бұл оның күнделікті әдетіне айналған. Жаз-күз айларында Ақбөпе әженің шаңырағында тазалық жұмыстары үзілген емес. Қазыналы қария осылайша Таза қазақстан науқанына белсенді ат салысып жүр. Игі іске ауылдастарын да шақырады.

«Есіктің алды таза болса, үйдің іші де таза болады. Сондықтан тазалықты ең алдымен даладан бастау керек. Таңертен тұрып шағын сыпырғышымды алып жинаймын. Бұл маған бір есептен жаттығу. Тап-таза аулада ауа жұтып отыр рахат қой. Үйдің де ішін таяғыммен жуып жинап ала аламын. Мәселе жаста емес, ниетте. Мен ауылдың үлкені ретінде тұрғындардың барлығына осылай үлгі болуым керек», — дейді Ақбөпе Ибраева.

Маржан Капаева

«Әже бос отырмайды. Таңертең ол жұмысты ауладан бастайды. Егер сіз үйіне кірсеңіз, онда тамаша тәртіп бар. Мен өз балаларым мен немерелерімді осыған үйретемін. Олардың үйінде жай отыр деген түсінік жоқ, бәрі бір нәрсе жасауы керек», — дейді туысы Маржан Қапаева.

Қария үйдің жұмысына да бес аспап. Қамыр илейді, пешке нан жабады. Тамақ пісіруден де қалыс қалмайды. Ол үшін қол қусырып отыру — жағымсыз әдет. Әже балалары мен немере шөберелеріне қыс мезгілінде жылы шұлық тоқып береді. Әлі күнге дейін қолынан ұршығы түспеген.Инеге жіпті өзі сабақтап, іс тігеді. 90 жаста тың болудың құпиясы үнемі қозғалыста болу дейді кейіпкеріміз.

Акпобе Ибраева вяжет

«Үйде жата бергеннен не шығады? Шамам келгенше қимылдап жүремін. Пеш жағамын. Немере келініп, жұмысқа кеткенде шөберемді қарайласамын. Себебі қозғалыс болса, өмір бар», — дейді тыл ардагері Ақбөпе Ибраева.

Ақбөпе Тұрбекқызының балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа тұс келгендіктен, 4 жылдық қана білім алған. Алайда кітап оқуға жастайынан жаны құштар. Газетті көзілдіріксіз оқи береді. Жазылған мақаланың танымдық тәрбиелік мағынасына баса мән береді.

«Тазалық ауладан басталады»: 90 жастағы Ақбопе Ибраева-өз ауылына үлгі

«Немерем маған қазақ тілінде бірнеше газет әкеліп береді. Мен барлық басылымды соңына дейін оқып, ең маңызды ақпаратты түртіп аламын. Оқуға болатын мақалаларды немерелеріме оқуға беремін. Бұл менде бала кезімнен қалған әдет», — дейді Ақбопе Ибраева.

Қарияны ауылдастары мұрағат деп атап кеткен. Қазақтың қисса-дастандарын терме жырларын жатқа біледі. Тіпті кезіндегі жігіт пен қыздың айтыстарын жырлағанда іркілмейді. Өзі шығарған бесік жырымен шөберелерін сусындатып жүр.

Ақбөпе Тұрбекқызы ашаршылық нәубетінің азабын да көрген жан. Ал соғыс уақытында тылда еңбек еткен. Кейіпкеріміз 4 баланы тәрбиелеп өсірген. Ұл-қыздарынан тараған 11 немере, 25 шөбересінің қызығын көріп отыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное