Пятница, 18 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиСоғыс пен уақыттың түтіні арасынан: Қарағандылық шахтер Нұркен Әбдіровтің ерлігіне арнап өлең...

Соғыс пен уақыттың түтіні арасынан: Қарағандылық шахтер Нұркен Әбдіровтің ерлігіне арнап өлең жолдарын арнады

Қарағандыда шахтер Олег Зизяк Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің ерлігіне арналған өлең жазды. Бұл өлең оның батырлығын баяндай отырып, сол сұрапыл соғыс жылдарын еске түсіреді.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек ұлы оқиғаларды ғана емес, сол оқиғаларға жанын пида еткен батырларымыздың есімдерін еске түсіретін маңызды кезең. Солардың бірі – Нұркен Әбдіров. 1942 жылдың желтоқсанында ол өртеніп бара жатқан ұшағын жау танктерінің колоннасына қасақана бағыттап, ерлікпен қаза тапқан. Бұл ерлік әлі күнге дейін ел аузында.

Шахтёр и поэт из Караганды

«Бұл өлеңді Нұркен Әбдіровтің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, оның батырлығын ұмыт қалдырмай, жүректерде жаңғырту үшін жаздым. Н. Әбдіровтің жасаған ерлігін оқып білгенімде қатты таңқалғаным бар еді. Ал өлеңді шығару ойы Нұркен Әбдіровтың ескерткіші жанынан өтіп бара жатқанда келді. Бірақ нақты кірісе алмай жүрдім. Жүрексігенімде рас. Бірақ алғашқы жолдары жазылғаннан бастап, әрі қарай өлең өрнектеле түсті. Осы жыр жолдары арқылы Отан үшін жанын қиған қаһарманның рухына тағзым етіп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын тереңінен сезінуге шақырғым келді», — дейді Т. Күзембаев атындағы шахта кеншісі Олег Зизяк.

Олег кен астындағы жұмысқа 20 жылдан астам уақытын арнады. Ал өлең жазуды 5 жыл бұрын бастаған. Шахтадағы жеті қат жер астындағы қара жұмыс шабыттандыратынын жасырмайды. Көбінесе балаларға және батыр бабаларға арнап қалам тербейді.

Шахтёр и поэт из Караганды Олег Зизяк

«Тіпті жер астындағы жұмыс кезінде де адамның жан дүниесі тыныш қалыпта, оймен саяхаттап, өлең жолдарын құрастыруы мүмкін. Мысалы мен үзіліс кезінде, сәл тыныс алған сәтте, естіген әңгіме, көрген сурет немесе естеліктер әсерінен шабыттануым мүмкін. Өлең — адамның жүрек түкпірінен келетін ерекше күш. Ол тіпті ең ауыр еңбектің ортасында да туа алады», — дейді Олег Зизяк.

Шахтер — Нұркен Әбдіровтің туыстарының жүрегінен кең орын тапты. Батырдың немере інісі мен оның жұбайы өлеңді өте әсерлі қабылдады.

племянник героя Абубакир Абдиров

«Менің әкем – Нұркеннің үлкен ағасы. Ол кезде шахталар жаңадан ашылып жатқан, сол шахтада жұмыс істеген. Нұркеннің екінші ағасы Садырбек соғысқа Нұркеннен бұрын аттанған. Шын айту керек, біз оны әлі күнге дейін іздеп келеміз. Қанша жыл өтсе де», — дейді Нұркен Әбдіровтің немере інісі Әбубәкір Әбдіров.

Зейнеп Бикенова

Зейнеп Бикенова – Әбубәкір Әбдіровтің жұбайы:

«Өлең туралы айтқым келгені – осындай жасқа келіп, 80 жыл өтсе де, осындай терең сезімді өлеңмен жеткізу – мен үшін үлкен мақтаныш. Өте жақсы өлең, әрине, кейде рифма сәл бұзылып тұрған шығар, бірақ жүректен жазылған!»

племянник героя Абубакир Абдиров

Батырдың немересі, Асанәлі Әбдіров, батыр баба ерлігін еске алып, оны ұрпақтарға жеткізу тек өткенге ғана емес, болашаққа да маңызды екендігін айтады.

«Менің ұстазым үнемі менің атам туралы айтып отырады, ал мен кейін оның қандай ерлік жасағанын өзім де айтып беремін. Бала күнімде атам туралы алғаш рет естігенде, бірден ата-анама: „Мен де атам сияқты ұшқыш болғым келеді!“ – деп айтатынмын», — дейді Нұркен Әбдіровтің немересі Асанәлі Әбдіров.

Нұркен Әбдіровтің ерлігі кітаптарда, ескерткіштерде және жүректе мәңгі қалады.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное