Пятница, 13 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиОрыс Кенже: Ксения Дёмина қазақ ауылының қаһарманына қалай айналды

Орыс Кенже: Ксения Дёмина қазақ ауылының қаһарманына қалай айналды

Отағасы татар, отанасы орыс этносынан. Бірақ отбасында қазақ салт-дәстүрі дәріптеледі. Шет ауданында осындай ерекше жанұя бар. Ксения Демина ауылдастары үшін алып күш иесі атанып кеткен. Нәзіктігіне қарамастан, күшті талап ететін ұлттық жарыстардан алдына жан салмайды.

Ксения подняла козлёнка

Ксения Демина 25 келіден асатын ешкіні бұл жолы 55 рет иығынан асыра серпіді! Наурыз мейрамында 61 рет көтеріп, ауылда рекорд орнатқан. Нағыз ерік-жігер талап ететін сынақтан Ксения сүрініп көрген емес. 5 литрлік сұйық майды 115 мәрте көтере алады. Бұған арнайы дайындалмайды. Ауылда қара жұмыстың қазанында қайнағанының арқасы дейді.

«Жарысқа қатысар алдында қиын болатын шығар деп ойладым. Бірақ әжептәуір күшім бар екен. Бізге арнайы дайындықтың керек жоқ. Күнде таңнан біз қара жұмыс жасаймыз. Мал жайғауға көмектесеміз, су тасимыз, жүгіріп жүреміз. Осының барлығы спорт», — дейді Ксения Демина.

Активный образ жизни

Оның өмір салты әу бастан салауатты болған. Жаяу жүгіруден жарыстың алдын бермейтіннің бірі. Бұрма ауылындағы мәдениет үйінде «Ақкербез» би үйірмесіне жетекшілік етеді. Ксения Дёмина орыс этносының өкілі. Қарағанды қаласында туып-өскен. Әкесі Ресейден келген. Атасының қалауымен бірінші сыныпта қазақ сыныбына барады.

Ксения

«1–2 сыныптарда қиын болды. Енді тілім орысша шықты ғой. Отбасымда ешкім қазақ тілінде сөйлемеді. Бастапқыда әріптер жат, сөздер бейтаныс болғанымен, кейін оны жүрек ұқты. Ақырындап сана қазақша сөйлей бастады. Бірінші сыныпта сыныптастарым маған Кенже деп атап кеткен», — дейді Ксения Демина.

Кайрат Кызметхан

«Жұмыста отырғанда кейде екеуіміз орыс тілінде бір сөздерді білмей қаламыз. Мен айтам: сен орыссың ғой, сен білуің керексің ғой деп. Ол маған: орыс тілін ұмытып қалдым дейді. Сосын ол сөздің аудармасын екеулеп интернеттен іздейміз», — дейді Мәдениет үйінің меңгерушісі Қайрат Қызметхан.

Ксения Александровна 9 жыл бұрын Бұрма ауылына келін болып түседі. Жолдасы Смак Мансуров — татар этносының өкілі. Екеуі ауылда мал өсіреді. Қазір жеке шаруа қожалықтары бар.

Смак

«Үйленген соң қалада тұрдық. Бірақ екеуіміз ауылға көшкіміз келді. Мен өзім ауылдың баласымын. Атамның тәрбиесін алғамын. Мал шаруашылығына бесаспаппын. Ксения да келісіп, қазір осы шешіміміздің дұрыстығына көз жеткізді», — дейді үйдің отағасы Смак Мансуров.

крестьянское хозяйство

«Мысалы, малдың өзі маған қызық болды. Таңертең сиыр сауып, мал айдап, сосын бұзау, жылқылармен алысып жүреміз. Олармен мен сөйлесемін. Олар мені, мен оларды түсінемін. Ауылға келгеніме бірде-бір өкінген емеспін. Қуаныштымын. Жаздың күні біздің ауыл жап-жасыл болып, гүлденіп тұрады. Қазір қалаға барсам, басым аурады», — дейді Ксения Демина.

Интернациональная семья

Ксения қонақ күтуге бейім. Ұясында көрген тәрбиесі сондай. Үйінен алыс-жақын қала, ауылдардан келетін мейманы арылмайды. Қазақтың бауырсағы мен шелпегі, құрт-ірімшігінсіз дастархан жаймайды. Ал басты ас мәзірі — ол ет.

Угощение

«Жұмыс кезінде ғана орамалды шешемін. Ал былай орамалмен жүремін. Маған күйеуім, енем нақты орамал киіп жүр деп айтпайды. Маған орамал таққан ұнайды. Үйде үлкендер орыс тілінде сөйлеп жатса, ұрсам: тек қазақ тілінде сөйлеңдер, балалар қазақша өсу керек деп айтып отырамын», — дейді Ксения Дёмина.

Кейіпкеріміз қазақ ырымына сенеді және оны рухани тегіне жақын ұстағысы келеді. Балалары қазақ сыныбына барады. Қазақ тілінен білім іздеп, ұлттық құндылықтарынан ілім тапса дейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное