Понедельник, 21 апреля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚызылқойдың 74 жастағы батыры: зейнеткер ауылды қар құрсауынан қалай құтқарады

Қызылқойдың 74 жастағы батыры: зейнеткер ауылды қар құрсауынан қалай құтқарады

Шет ауданы Қызылқой ауылында 74 жастағы ақсақал ауыл жолын қардан тазалап, қолғабыс етіп жүр. Сабыртай Шөкеев «Таза Қазақстан» акциясының ең қарт қатысушысы. Ақсақал қол қусырып отыруды жөн көрмейді. Күніне 2 сағат далаға шығып, елдің игілігіне қызмет етеді.

Шокеев очищает дороги от снега

Сабыртай Шөкеев таң бозынан жұмысына кіріседі. Қар қалың түскен жағдайда тіпті дамыл таппайды. Алдымен көп жылғы сенімді серігі – тракторын тексеріп алады. Бұл шабындыққа арналған трактор. Қария техниканы қаңтарып қоймай, қыста қар тазалауға пайдаланады. Әуелі ауласын қардан тазалайды. Кейін мектеп, мешіт және аудан орталығына қатынайтын жолды ашады. Соның арқасында тұрғындар межелі жеріне қиналмай жетеді.

«Бұл үлкен күре жолды шамам келгенше жолаушыларға тазалап тұрам. Жолаушылар жүре алмайды ғой, жеңіл машинамен өте алмайды. Балалар мектепке барады, мешітке намазға баратын кісілер, үлкендер бірін-бірі қонаққа шақырады. Ауылдың арасында жол болғаны жақсы ғой», — дейді Қазалқой ауылының тұрғыны Сабыртай Шөкеев.

74 летний герой Кызылкоя

Ол тракторына қажетті жанар-жағармайдың шығынын бұлдамайды. Қажет болса, техника өте алмайтын жерлерді күреп, тазартады. Көктемгі су тасқыны кезінде де қауіптің алдын алуға атсалысады.

«Мына жаққа тасып тастаймын, жазғы күні ағып кетеді, әйтпесе қораға кіріп кетеді. Енді қонаққа барсақ та бата береміз ғой, қарға құлап барғаннан гөрі тазалап қойған жолмен барған жақсы ғой. Қазақтың сөзі түгілі, шариғатта да бар ғой: жолда жатқан нәрсені алып тастасаң, оның сауаптан басқасы жоқ. Менің қолымнан күрек түспейді. Есіктің алдына қар қоймаймын, жанымды қинамай, ақырындап-ақырындап тазалап тастаймын», — дейді Қазалқой ауылының тұрғыны Сабыртай Шөкеев.

Сабыртай Шокеев за работой

Сабыртай Ыдырысұлы еңбек жолын 16 жасында бастаған. Кеңшарда механизатор, шопыр болып шалғайда орналасқан қалалар мен ауылдарға сүт тасыған.

«Ол жұмыстың өзінің қиындығы бар еді. Ел жұмыстан келіп жатқанда мен жұмысқа кетіп жатамын. Жыл он екі ай демалыс деген жоқ. Сиыр күнде сауылады. Жаңбыр болса да сауылады. Қар жауса да сауылады. Боран соқса да сауылады. Айырбастайтын кісі жоқ. Сүттен қорқады елдің барлығы. Сүттің кислотасы деген болады. Ол ашып кетпеуі керек, ол сүтті мына жерден өлшеп береді. Жеткізген соң оны кірмен өлшеп алады. Мен сол 20 жылдан артық істедім. 4-5 машина алдым жаңадан. Мен 1 машина сындырып, ремонтқа тұрған адам емеспін», — дейді қария.

Рымтай Кыздарбек

Рымтай Қыздарбек, Қазалқой ауылының тұрғыны:

«Біз бәріміз Совет үкіметінде жұмыс істедік қой. Өте жақсы істеді. Үнемі мақтауға ие болып, құрмет грамоталарын, сыйақыларын алатын. Тракторист болды, стагометте істеді, барлық жұмысында бір күн жұмыстан қалған емес. Бізде бұрын, қазір ғой енді, сенбі-жексенбі деген демалыс болмайтын».

Зейнеткер 25 жыл бойы аққан ауруымен күресіп жүр. Саламатты өмір салтын берік ұстанудың нәтижесінде дертке бой алдырмай келеді.

Майраш Оразбекова

«Бұл кісінің негізі диагнозы өте жаман. Қанмен ауырады. Сол құдайдың берген қуатымен келе жатыр. Әйтпесе, осы қатарлас ауруханада жатқан адамдардың көбі қайтыс болып кетті. Олар түгіл жаңағы химиясын да, бәрін де алды. Ал бұл кісі өзінің ішкі жан дүниесімен де сондай, берілмей, мықты болған ғой деп ойлаймын. Көмірімді, ағашты осы ақсақалдың арқасы, тасып алып келеді», — дейді жұбайы Майраш Оразбекова.

Сабыртай Шөкеев, Қазалқой ауылының тұрғыны:

«Ең жақсы көретін малым – жылқы. Күні бүгінге дейін атым бар, мен жаз басталса сол атқа мінемін. Табиғатқа шығамын, қойдың кезегіне барамын. Күні бүгінге дейін велосипед тебемін. Барлығы күледі».

С супругой Майраш Оразбековой

Жары Майраш Оразбекова екеуі 5 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 12 немересін еңбекке баулып жатыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное