Пятница, 4 октября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюди«Қасиетті жұма»: Қарағанды еріктілері мұқтаж 350 адамды тегін түскі аспен қалай тамақтандырады

«Қасиетті жұма»: Қарағанды еріктілері мұқтаж 350 адамды тегін түскі аспен қалай тамақтандырады

Волонтерлардан ыстық ас! Қарағанды қаласында бір топ еріктілер апта сайын «Қасиетті жұма» қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Олар 350 адамға тамақ пісіріп таратады. Олар асып тасып жатқан бай емес. Қарапайым ел қатарлы еңбек жасап жүрген азаматтар. Оларды біріктіретін мейрімді жүрек, таза ниет.

Священная пятница

Михаил Максимовтің жұма күнгі таңы дүкеннен азық түлік әкелуден басталады. Бүгінгі ас мәзірінде тауық еті қосылған қарақұмық. Екі жәшік тауық еті, 12 келі пияз бен сәбіз 20 келі қарақұмық жұмсалады. Қайырымдылық жұма шарасы осыдан 5 жыл бұрын ұйымдастырылған. Ілкімді бастама бүгінде дәстүрге айналды. Бастапқыда 30 адамды тамақтандырса, бүгіде 350 ге жеткен.

Продукты от волонтеров

«Үш күнге жететіндей сұрап алатын адамдар бар. Зейнеткерлерде қосымша сұрап алып жатады. Біз жетіп жатса тамақты әрқайсысына молынан салып береміз. Пісірген тамақ жетпей қалған кездерде болды. Сол уақыттарда өзімне ас батпай біртүрлі болып жүрдім. Біз бірінші балаларға кезектен тыс береміз. Бұл біздегі басты заңдылық», — дейді Михаил Максимов.

Мұнда апта сайын ас мәзірі әр түрлі. Игілікті істі қысы жазы үзбеу үшін 1 млн теңгеге дала асханасын сатып алған. Әр апта сайын бұл игілікті іске 150 мың теңге жұмсалады. Азық түлікке қаржыны қарапайым халық беретін көрнеді. Демеушілер де бар. Ыстық тамақтан бөлек, тандыр нан, тәтті тоқаштар мен кәмпиеттер үлестіріледі.

Подача горячих блюд

«Біздің командада бірнеше ұлт өкілі бар. Қазақ, орыс, неміс, әзірбайжан, түрік бар. Ешкімді алаламаймыз. Барлығына құрметпен қарап тең қызмет көрсетеміз. Мысалы тамақты тек тауық пен сиырдың етінен ғана жасаймыз. Себебі бізге келген адамда күмән болмауы керек. Басты мақсатымыз барымызды халықпен бөлісу. Біз қонақжай елміз», — дейді волонтер.

Сағат 13.00 тұрғындар жинала бастады. Осал топтағы азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрғылықты мекен жайы жоқтар. Олар тұрмыстық түйткілдің салдарынан осында келеді.

Благотворителььные обеды

«Волонтерлардың бізге пісірген ет қосылған картоптары ұнайды. Тамақтары дәмді. Қазір грыжа болып ауырып жүрмін. Жұмыс істемеймін. Оның үстіне барлық азық-түлік қазір қымбаттап кетті. Сондықтан осында келіп тамақтанамын», — дейді қала тұрғыны Виктор Степанов

Еріктілер қыран сияқты жемін шашып жегенді жөн көреді. Олардың түрі бөлек, жүрегі бір. Өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөліседі. Қайырлымдылық жасау оларды жан рахатына бөлейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное