Воскресенье, 13 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиДертіне дауаны еңбектен тапқан жан

Дертіне дауаны еңбектен тапқан жан

Арбада таңылу – өмірден қамығу емес. Бұл Ұлытау облысында тұратын қайсар Қайраттың өмірілік ұстанымы. Өнерлі азамат ат әбзелдерін тоқып, жинақ қобдишаларын гиптастан құйып кәсібін дөңгелетіп отыр. Қайрат Есбергеновті шеберханасында талмай тер төгу шабыттандырайды шаңдайды. Ал тоқу процесінен рухани демалады. 4 тен 12 өрімге  дейін өре алады. Өнердің бұл түрін ол 31 жасында таныған. Алдымен шардан бұйымдар жасаған. Кейін гипстан түрлі суфинир әзірлеуге машықтанады. Қазір оның қолөнер бұйымына сұраныс көп.

житель села Женис

«Үйде төрт қабырғанда отырғанда не ісетйсің? Цехқа келсем көңілім бөлінеді. Жұмысыма көңілім толғаныма қуанамын. Әр жасаған затымды бағалы етіп жасауға тырысамын. Бауырларым тапсырыстарды әр үйге жеткізіп беріп көмектеседі. Ағайын туысымның арқасында бизенсімді дөңгелетіп отырмын», — дейді кейіпкеріміз.

Қайрат Есбергенов жасаған гипстан жинақ қобдишасы тұтынушылар арасында танымал. Көбінесе түйе, торсық, тиын дизайнін таңдаған. Бұл бизнес жыл мезгіліне қарамайды. Тек жауын тимесе болды. Әр жинақ қобдишаның құны 2 000 теңгеге бағалайды. Айлық табысы отбасын асырауға жетеді.

«Өзім жасаған әр туындымнан шабыт аламын. Түнімен ғаламтор арқылы осындай өнерді қарап ізденемін. Негізі керемет өнер. Егер мен сияқты арбаға танылған азаматтар болса, осы шеберлігіммен оларды үйреткім келеді», — дейді Қайрат Есбергенов. 

Кайрат Есбергенов

«Ал анасы Қайраттың еңбекқорлығы орасан зор. Таңертен шеберханаға ерте кетеді. Түскі касқа келеді. Содан түңгі 2-3 ке дейін жүреді», — дейді анасы Рымтай Есбергенова.

Қазір жинақ қобдишаларына Қарағанды, Жезқазған, Астана, Ақтөбе тәрізді 4 қаладан тапсырыс түскен. Сондықтан ол сағаттап отыруға әзір. Тапсырыс берушілердің талғамына қарайды, бастысы әр заттың сапасына мән береді. Жүріп келіп, жарты жолда төрт қабырғаға қамалып жатып қалған жаман екен. Көп қиындықтар болды. Алғашқыда депрессия да болды.

Мастерская Кайрата

Абай Құнанбаев атамыз «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбекке керек. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол», — деген еді. Өнер өмірлік екендігіне көзім жетті. Табыс тауып еңбек етемін деген адамға ештеңе кедергі емес. Осы өмірім мені қатты ширатты. Көп сабақ алдым. Қандай жағдай болса да мойымау керек», — дейді Қайрат Есбергенов.

Қайрат Әубәкірұлы Ұлытау облысы Жеңіс ауылының тұрғыны. Теміржол саласында жұмыс жасап жүргенде жол апатынан түседі. Салдарынан омыртқасы сынып,  жұлынына зақым келіп, жатып қалған. Екі мәрте ота жасалғаннан кейін арбаға отыра алатын дәрежеге жетіпті. Алайда өмірден түңілген емес. Оны қиындықтан алып шыққан өнер әлемі. Қазір спортпен айналысып, түрлі жаттығулар арқылы аяғынан тік тұруға қадам жасауда.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное