Четверг, 3 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиБірегей күш: Нұра ауданынан Байбек Бауыржан, ауыр жүктерді жылжытады және тырнақтарды қолдарымен...

Бірегей күш: Нұра ауданынан Байбек Бауыржан, ауыр жүктерді жылжытады және тырнақтарды қолдарымен бүгеді

Ауыр жүк көлігін тізгіндеуге көп жүргізушілердің өзі жүрексінетінін білеміз. Ал Қарағанды облысының Нұра ауданында камазды жалғыз өзі орнынан қозғай алатын азамат тұрады. Байбек Бауыржан есімді азамат түрлі трюктар арқылы көпшілікті таң қалдырып жүр. Ол 16 тонналық камазды бір өзі бірнеше метрге дейін сүйреп жүр. Жігіттің жігеріне таң қалмайтын адам некен-саяқ. Алайда бұл үшін тек қара күш аздық етеді. Оны  қозғалтудың техникасы бар. Кейіпкеріміз бастапқы кезде жеңіл көліктерді тартып жаттыққан. Біртінтеп ауыр көліктерді орнынан қозғай бастапты. Қазір батпаққа батқан шағын темір тұлпарларды ешкімнің көмегінсіз   оңай шығара алады.

«Камазға қандай әдіс керек, соған байланысты жаттығулар жасадым. Одан кейін ауылға барып, өзіміздің камазды тартып көріп, қолымнан келді. Спортпен айналыспай жүрген адамдарға тартуға кеңес бермеймін. Себебі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін»,— дейді Байбек Бауыржан.

Гвозди ладонью

Үлкен шегені қолмен майыстыру Байбек үшін қиын емес. Сосын бірден қайта түзулеп шығады. Оған санаулы секкундтар болса жеткілікті. Ол 200-дік шегені балғамен емес, алақанымен қағады. Ал оны суыру үшін аспап іздеп жатпайды. Тісімен-ақ  шығара салады. Үш шегенің үстінде денені көтеріп түсіреді. Мұнда тепе-теңдікті сақтау  маңызды. Әрі бұлшық еттің мықты болуы қажет.

Фигурки из гвоздей

«Ең алғаш екі жүздік шегемен жерге отжимание жасадым. Басында маған мүмкін емес болып көрінді. Бірнеше рет қайталап көрдім. Құлап, жасай алмадым. Одан кейін қайта-қайта жасап, қолымнан келді. Шегенің үстіне құлаған сәт болды. Абырой болғанда жараланған жоқпын»,— дейді сппортшы.

Байбек — Нұра ауданы Жанбөбек ауылының тумасы. 5 жасынан бастап гимнастикамен айналысқан. 8-сыныпта  ауыр атлетикаға қызығып,пауэрлифтинг спортын жанына серік етті. Ал мұндай трюктерді екі жыл бұрын ғана меңгере бастапты.

Отжимается на гвоздях

«Алдыңа мақсат қоясың. Соған жетуге ұмтылу керек. Құлайтын жағдай болса қандай айла табамын деп алдын ала ойлану керек. Жарақат алып қалмаудың амалын қарастырасаң түк те болмайды. Әрнәрсеге ептілік керек. Менікі трюктарға ыңғайым келеді. Тіпті  қолыма шеге кірген сәттер де болды. Одан кейін ауыр көтергеннен аяққа тамыр шығып кетті. Иектің сіңірін үзген уақыт та болды. Мамам, папам, үйдегілер денсаулыққа зиян, жасмай-ақ қой деп айтып жатады. Бірақ енді осы мен спортсыз күнімді елестете алмаймын»,— дейді Байбек Бауыржан.

Өнері мен қайраты тоғысқан жігіт қайталанбас трюктерді 35 жасқа дейін жасаймын деген мақсат қойып отыр. Алдағы жоспары — Гиннес рекордтар кітабына ену.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное