Пятница, 13 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиАт үстіндегі мұғалім: Арайлым Ниханбаева оқушыларға табиғатпен үйлесімділікті қалай сіңіреді

Ат үстіндегі мұғалім: Арайлым Ниханбаева оқушыларға табиғатпен үйлесімділікті қалай сіңіреді

Жылқымен серуендеу спорт қана емес, жүйке жүйесін қалыпқа келтірудің бір жолы. Атбегі Арайлым Ниханбаева осындай пікірде. Атқа мініп, төңіректі бір шарлап шықпаса, Арайлымның көңілі көншімейді. Жылқының бабын жетік білетін ол жүген-құрық тимеген асауларды аз уақыт ішінде үйретеді. Арғымақпен шабудан ерекше энергия алады.

Арайым Ниханбаева

«Психологтар ішіңдегі ашу-ызаңды далаға шығып айқайла деп айтады. Мен ашуланғанда енді айқайлаймын деп айта алмаймын. Себебі ауылда тұрғандықтан, көрші маңай түсінбей қалуы мүмкін. Мен атқа барып, жалынын сипаймын. Сол кезде барлық жаман энергияны алып қояды. Сосын бірден атты мініп аламын да, сыртқа шығып кетемін. Барлық жаман ой тарқап кетеді. Тіпті аттың үстінде тұрып, барлық өкінішіммен қиындықтарымды айтамын. Барлығын түсінеді. Мысалы, асау атты үйреткен сәтте де қорқып тұрғаныңды сезеді. Қорықпасаң, бірден тұра қалады», — дейді Арайлым Ниханбаева.

тренер Арайым Ниханбаева

Атбегілік — кейіпкеріміздің хоббиі. Оған сәйгүлік баптауды жары үйреткен. Қазір екеуі арғымағын аламанға жаратып жатыр.

«Жол жүріп кеткенде үйдегі атты тапсырып кетемін. Жемін, шөбін, арнайы дәрумендерді уақытылы беріп тұрады. Дайындаған аттары жақсы нәтиже көрсетіп жүр», — дейді күйеуі Қанат Мұхтаров.

Арайлым Нығметқызы Тегісшілдік ауылындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі. Сабақта көбіне қалдықсыз технология әдісін пайдаланады. Ұстаз шәкірттерімен бірге қолданыстан шыққан пластикалық құтыны пайдаланып, жол мен автокөлікті бейнелемек.

Учитель физики

«Пластикалық бөтелкелер бірнеше жыл бойы шірімейді. Сондықтан оны көбінесе өртейді немесе қоқысқа тастайды. Ал біз далада қоқыс болып жатпасын деп сабақта пайдаланамыз. Бұл экологиялық тазалық. Әрі оқу құралының бір түрі болып есептеледі», — дейді физика пәнінің мұғалімі Арайлым Ниханбаева.

Ыдыстың қақпағынан қисық сызықты жол, ал құтыдан автокөлік макеті жасалды. Яғни пластик қоқысқа тасталмай, екінші мәрте өңделеді. Педагог осылайша оқушыларды эко-мәдениетке баулып жүр. Сонымен қатар, Арайлым мектепте ғылыми қоғам жетекшісі. Зерттеу еңбектеріне де қалдықсыз технология әдісін қолданады.

метод безотходных технологий

«Оқушылардың ғылыми қоғамын басқарғаннан кейін ол кісі сынып жетекшілерімен тығыз жұмыс жасайды. Үнемі тұрмыстық қалдықтарды жинап, одан жоба жасауға оқушылар мен ұстаздарды баулып жүреді. Мұндай ғылыми еңбектері мамандардың жоғары бағасына ие болып жүр. Арайлым Нығметқызы осы мектептегі әйел мұғалімдерді кешкілік жинап алып, серуендеу, жүгіру, аэробикалық жаттығулар тәрізді шараларды ұйымдастырады», — дейді мектеп директоры Біржан Сапаров.

 

Әмбебап ұстаз сабаққа қажетті көрнекі құралдарды қолдан жасайды. Кеңсеге арналған техникалары сақадай сай. Ол үшін арнайы дизайнерлік бағдарлау курстарын меңгерген.

мама пятерых детей

Арайлым Ниханбаева — 5 баланың анасы. Жан-жақтылық пен еңбекқорлыққа перзенттерін де баулуда.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное