Суббота, 25 октября, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚазақстан Жарқын: Отан есімін иеленіп, елге тірек болу

Қазақстан Жарқын: Отан есімін иеленіп, елге тірек болу

Елімізде «Қазақстан» есімді 28 адам тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, олардың біреуі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Бесеуі Астанада, сегізі – Ақмола, жетеуі – Қарағанды, үшеуі – Қостанай облысының тұрғыны екен. Қазақстан атасы мен әжесінің қолында өскен.

«Есімім ерекше болғанымен, оның жауапкершілігі екі есе ауыр екенін сезінемін», – дейді республикалық № 29 мемлекеттік мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі Қазақстан Жарқын.

Казахстан

«Есімімді Қазақстан деп әжем қойған. Тоқсан жасында осындай Тәуелсіз мемлекетіміздің атын бергісі келген. Нағыз патриот кісі болған. Сол себепті бұл есім мен үшін үлкен жауапкершілік. Осындай есіммен жүргеннен кейін шалыс басуға құқым жоқ деп санаймын».

Казахстан Жаркын — оперуполномоченный

Кейіпкеріміз республикалық № 29 мемлекеттік мекемесі жедел бөлімінде қызмет етеді. Мұнда жұмыс істеушілер үшін тиянақтылық пен табандылық – басты талап.

«Жұмыстағы қиындықтарға дайын болып, жедел әрекет ету керек. Барлық ақпаратты алдын ала біліп отырған жөн. Себебі жедел жұмыс істеуіңіз қажет. Құпия материалдармен жұмыс істейміз», – дейді Қазақстан Жарқын, республикалық № 29 мемлекеттік мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі.

Қазақстан Жарқынды ата-анасы, достары және әріптестері еркелетіп «Қазақ» деп атайды.

Жансеит Абилкасымов

Жансейіт Әбілқасымов, республикалық № 29 мемлекеттік мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

«Атына сай – тиянақты, патриот азамат. Ұжым ішінде беделі бар. Сол үшін біз оны құрметтейміз».

Кандидат в мастера спорта

Ол қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Футболды да жанына серік еткен. Сайыстарда талай мәрте топ жарып жүр. «Жаттықтырушы әрдайым:

«Найзағайдай шапшаң бол» деп айтатын. Сол қасиеттерім күнделікті жұмыста да көп көмектеседі», – дейді Қазақстан Жарқын, республикалық № 29 мемлекеттік мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі.

Семья Казахстана

Қарағандылық азамат — қамқор әке. Жұбайы екеуі бір баланы тәрбиелеп отыр. Патриот жігіт өз саласы бойынша адал еңбегімен елге қызмет етуді көздейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное