Воскресенье, 13 октября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиАрдагер хоккейшілер: Қарағанды облысының командасы мұз бен уақытты бағындыруда

Ардагер хоккейшілер: Қарағанды облысының командасы мұз бен уақытты бағындыруда

Ардагерлер мұз айдынында. Қарағанды облысының Ақадыр кентінде сан сала ардагерлері хоккей командасын құрып алған. Осымен 15 жыл бойы жарыс алаңынан түспей келеді. Аудандық жарыстарда үнемі көшбасында. «Қарлы қыс» облыстық спартаиадасында 4 мәрте жүлдегер атанған.

Ардагер аптасына 3 мәрте қаз қатар тізіліп жаттығуға кірісіп кетеді. Алдымен олар дене қыздырып, бойды сергітіп алады. Себебі мұз айдынында конькиді ырқыңа көндіруден бөлек шапшаңдық керек. Мұз айдынында еркін сырғанап жүрген жандардың ең үлкені алпыс жасқа аяқ басқан. Олар ардагер теміржолшылар, полиция қызметкері, құтқарушы және мұғалімдер.

Хоккеисты на льду

«Бір күн жаттығу болмай қалса, өзімізді бір кінәлі адамдай сезінеміз. Жаттығуды жәберіп алмауға тырысамыз. Себебі осы мұз айдынында алдыңғы ойындарды сараптаймыз. Қатемен жұмыс жасап, алдыңғы жарыстарға бағытталған техникалармен әдістерді ақылдасамыз», — дейді Мұқтар Қаракекілов

Мұхтар Қаракекілов команданың бапкері әрі капитаны. Ол хоккейшілердің даярлығы үшін арнайы бағдарлама құрған. Мұнда әуесқой спортышлардың физикалық —психологиялық дайындығы үшін нұсқаулық жасалған. Тіпті ойыншылардың тамақтануы да жетекшінің қатаң бақылауында.

Хоккеисты ветераны

«Әуесқой хоккейшілер болғанымен тыңғылықты дайындық керек. Әріптестерім мені тыңдайды. Қажет болса қаталдықты да көрсетемін. Кез-келген спортшы ойын барысында қателесуі заңдылық. Сондықтан бір бірімізді жігерлендіріп отырамыз», — дейді «Ақадыр» командасының каптитаны Мұхтар Қаракекілов.

«Ақадыр» аймақтық құрамасының негізі 1989 жылы қаланған. Талай додаларда топ жарған команда кейін түрлі себеппен ыдырап кеткен. Араға 10 жыл салып қайта мұз айдынына оралды.

«Біріншіден таза ауа. Үйде жата бергеннен не шығады? Одан да мұх айдынына шығып демалғанға не жетсін? Аяқ қолың жаттығады. Шыны керек, кейде тұмауратыпп сырқаттанып қалсам қолыма имек таяқты алып осында келемін. Бірден ауруым жазылады», — дейді команданың жартылай қорғаушысы Жарас Түсіпов.

На льду ветераны

Ол 58 жаста. Қолына имек таяқты 10 жасында ұстаған. Содан бері конькиді серік етіп келеді. Ойын барысында қарсыластың шабуылын бағамдап, шайбаны қақпаға жолатпаудың барлық амалын жасайды.

«Ақжал кентіне Сарышаған кентіне барып жарысқа қатысамыз. Сонда қарсылас жас жігіттер анау шал мықты, соны бақылауға ал деп бір біріне сыбырлап жатады. Ойын болғаннан кейін кейде шынтағыңды немесе аяғыңды ауыртып аласың. Бірақ үйге келіп бір қара шәй ішкеннен кейін барлығы ұмытып, ертенгі жаттығуға асығып тұрамыз», — дейді Жарас Түсіпов

Команда

Мақсат Шеңгелбаев хоккей алаңында тафгай болып жүр. Яғни командасындағы әріптестері үшін кез келген тәуекелге баруға дайын тұрады. Ол психологиялық тұрғыда қарсыластарынан айласын асыратын жауынгер.

«Су жүрек адам хоккейші бола алмайды деген бір мәтел бар. Шындығында ойын барысында қарсыластармен қақтығысып қаламыз. Итеріп жіберсе, аңдып барып, менде ол ойыншыны итеріп құлатамын. Егер менің командамдағы бір ойыншыны шалып құлатса менде кейін барып есемізді қайтарамын. Бірақ барлығы ереже аясында. Тәртіпті бұзбаймыз, — дейді қорғаушы Мақсат Шеңгелбаев.

Келешекте «Ақадыр» командасы құрама мүшелерінің қатарын көбейту жоспарлап отыр. Ардагер хоккейшілер ілмек таяғын 70-80 жасқа дейін тастамай, дүбірлі додаларға белсенді түрде қатысамыз дейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное