Пятница, 5 сентября, 2025
ДомойНовостиСпортҚарағандылық «Күн балалары» Стамбулдағы халықаралық чемпионатты бағындырды

Қарағандылық «Күн балалары» Стамбулдағы халықаралық чемпионатты бағындырды

Қарағандылық оқушылар Стамбулда өткен даун синдромы бар балалар арасындағы халықаралық чемпионаттан жеңіспен оралды. Олардың жетістігі — қайсарлық пен еңбектің жемісі. Жас спортшылармен әріптесім тілдесіп қайтты. Чемпионатқа Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстанның спортшылары қатысты. Қатысушылар жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисінен сайысқа түсті.

«Біз „Батыл жүрек“ қорымен жұмысты екі жыл бұрын бастадық. Содан бері көптеген жетістіктерге жеттік. Оқушыларымыз көптеген спортшылардың арасында үздік нәтиже көрсетті. Олардың талабы мен жеңіске деген ынталары көп жағдайда мені таң қалдырады», — дейді жаттықтырушы Владислав Фризен.

Захар Непогодин

Захар Непогодин даун синдромымен дүниеге келген. Кейін қатерлі ісікке шалдығып, дертті жеңіп шықты. Алғаш рет Астанада өткен қатерлі ісік дертін жеңген балалар арасындағы тұңғыш республикалық чемпионатта үшінші орын иеленді. Содан бері спортқа деген қызығушылығы артып, жарыстарда топ жарып жүр. Стамбулда өткен чемпионатта еркін жүзу, брасс, шалқалай, баттерфляй әдісімен жүзуден үш алтын жеңіп алды.

«Захар менің тұңғышым. Суды қатты жақсы көреді. Әр жаттығуға қуана-қуана барады. Иә, қиындықтар кездеседі, бірақ біз мойымаймыз. Дертпен күресіп келеміз. Бастысы — балаға көңіл бөліп, оның қызығушылықтарын ескеру. Қазір біз үшін үлкен қуаныш, ұлымды мақтан тұтамын. Баласында қатерлі ісік анықталған ата-аналарға айтарым — ешқашан мойымаңыздар, бәрі бір сәтте өзгеруі мүмкін. Ал спорт — кез келген кедергіні жеңуге көмектеседі», — дейді Захар Непогодиннің анасы Галина Непогодина.

Дети победители

Елена Райнгардт, жаттықтырушы: «Захар талпыныстың арқасында өз шекарасын кеңейтті. Бұл жеңіс оның табанды еңбегінің жемісі. Кейде жаттығу барысында еркелеп қалады. Әр жаттығу оның болашақ жеңісіне бір қадам. Біз бірге үлкен мақсаттарға жететінімізге сенемін».

Нурсана Жакишева

Нұрсана Жакишева жеңіл атлетикадан жеңіске жетті. Жаттықтырушының сөзінше, бұл — жүйелі дайындықтың жемісі. Оған кәсіби маманның көмегі мен отбасының қолдауы септігін тигізеді.

Награда

«Нұрсана сондай нәзік, талпынысы мол қыз. Барлық жаттығуды орындап, бар күшін салады. Жаттығуға жақсы көңіл-күймен келеді. Мен оның болашағынан зор үміт күтемін. Алда тағы сайыстарға қатысуды жоспарда», — дейді жаттықтырушы Яков Струнин.

Нурсана

Мұхаммед Әубәкір ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды. Жеңіл атлетика, жүзу және үстел теннисімен 2-сыныптан бері айналысады. Оның спорттағы алғашқы қадамы дене шынықтыру сабағынан басталған. Спортқа деген қабілетін бапкері ерте байқап, арнайы бағдарлама бойынша жаттықтырған.

Дети с родителями

«Мұхаммед — өте еңбекқор, жауапкершілігі мол бала. Жаттығуға әрдайым ынтамен келеді, тапсырмаларды мұқият орындайды. Жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі — барлығында да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мұхаммедтің табандылығы мен өзіне деген сенімі — оны үлкен жетістіктерге жетелейтін басты қасиеттері. Оның болашағынан үлкен үміт күтемін», — дейді жаттықтырушы Болатбек Оразбеков.

Ел намысын қорғап үлгерген балалар — табандылық пен батылдықтың жарқын үлгісі.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное