Пятница, 4 октября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиСалауатты өмір салтына деген құштарлық: қарағандылық еркін Смағұловтың тарихы

Салауатты өмір салтына деген құштарлық: қарағандылық еркін Смағұловтың тарихы

Қарағанды қаласында жеңіл көлігін велосипедке айырбастаған азамат тұрады. Бұл көлік құралы Ерсін Смағұловты жолда қалдырып көрмеген. Оған велосипедтің  дөңгелегі бабында болса жеткілікті. Көліктегідей суын майын  тексерудің қажеті жоқ. Ал өзі  жолға шығар алдында қол, білек аяқты жаттықтырып алады.   Қаладағы кез-келген баратын мекен жайына велосипедпен қатынайды. Аялдама алыс орналасқандықтан, бастапқыда жұмыс орнына жету құралы ретінде пайдаланған. Қазір сенімді серігіне айналды.

«Менің жұмысыма баратын аялдама алыста орналасқан. Оған бару үшін бірталай уақытым кетеді. Сондықтан велоспиедпен баруды жөн көрдім. Жұмысыма кешікпеймін, бар болғаны 20 минутта жетем»,— дейді Ерсін Смағұлов.

Ерсин Смагулов

Қаңтар ақпан айларының  қарлы, боранды  күндері мен жолдың тайғақтығы оған кедергі емес. Қарағандылықтар қыста велосипед тепкен адамды көргенде  таңқалатын көрнеді.  Көбісі түсінікпен қарағанмен, бірқатар көлік жүргізушілері наразылық танытып жатады екен.    Велосипеті  қарапайым. Белгі беру қондырғылары орнатылмаған. Алайда жол ережесін бұзбайды. Жолдағы көліктерге жүру бағытын өзі көрсетіп тұрады.

«Қала көшесінде велосипедпен жүру жылдам әрі ыңғайлы. Кейде көлікте отырғандар кет жолдан деп дыбыс беріп жатады. Бірақ мен оларды тыңдамаймын. Себебі жол ережесін бұзбаймын. Егер оңға бұрылу керек болса оң жақ қолымды нұсқаймын. Солға сол жақ қолымды нұсқаймын. Алдыға жүретін болса алдыңғы бағытты көрсетемін. Жол тайғақ болса жылдамдықты асырмаймы»,— дейді ол.

Велосипедист Ерсин Смагулов

57 жастағы Қарағанды қаласының  тұрғыны бұл үрдісті 3 жыл бұрын бастаған. Жаздың күндері қала шетінде орналасқан саяжайына да осы велоспиетімен қатынайды. 20 шақырымдық  жолды орташа жылдамдықтың өзінде  1 сағаттың ішінде жүріп өтеді.  Бұл денсаулық кепілі. Әрі таксиге ақша шығармайды, қоғамдық көліктегі қарбаласқа ұрынбайды.

«Біріншіден, жанар жағар май іздеп, май, су құйып сандалмаймын. Қыстың күні көлігім қатты аязда оталмай қалады деген қорқыныш жоқ. Бастысы, денсаулыққа пайдалы. Аяқ қолым үнемі қозғалыста жүреді. Велосипед тепкенде менде тону деген жоқ. Үнемі сергек боламын»,— дейді Ерсін Смағұлов.  

Велосипедист на дороге

Кейіпкеріміз 30 жылдық тәжірбиесі бар педагок. Қала мектептеріне дене шынытыру пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. Балалық шағында футбол мен волейболдан бес аспап болса, кейін қызығушылығы қазақ күресіне ауысқан.  Бірқатар  додаға түсіп, талай белесті бағындырған палуан. Күнделікті өмір салты салауатты болғандықтан денсаулығы сыр беріп көрмеген.

«Мен спортпен шұғылданғанды жақсы көремін. Жәй жүргеннің өзінде дамыл таппаймын. Екі қап картопты иығыма асып алып, сегізінші этажға жеңіл көтерілемін. Осының барлығы салауатты өмір салтын сақтап жүргенімнің арқасы»,— дейді қала тұрғыны.

Жалпы Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралының бірі. Екінші тараптан бұл экологияның жақсаруына қосқан үлесіңіз. Себебі велосипед қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное