Пятница, 25 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиБәрі ауырса — қозғалу керек: Қазақстанның тұңғыш нейрохирургі, профессор Теңдік Изақовтың философиясы.

Бәрі ауырса — қозғалу керек: Қазақстанның тұңғыш нейрохирургі, профессор Теңдік Изақовтың философиясы.

Теңдік Изақов — Қарқаралы ауданының тумасы. Ол елімізде алғаш рет нейрохирургия курсын ұйымдастырып, ми ісіктері мен жарақаттарының алдын алу тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізген. Қазір қария Астана қаласында тұрады. 90 жастан асса да, әлі тың.

Тендик

Теңдік Изақовтың бес жасында анасы қайтыс болып, ол Қарқаралыдағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталған соң, он жастағы бала тыл жұмысына араласады. Соқа айдап, бидай орып, шөп шауып, мал бағып бейнетті тірлік кешеді.

«Біз тоңдық, ашықтық. Мал бағу деген оңай емес қой. Соғыс басталғаннан кейін төртеу-ақ бала қалдық, қасымызда он екі шал болды. Қой сауып, одан брынза жасадық. Сол брынзаны әскерлерге соғысқа жіберіп отырдық», — дейді тыл ардагері Теңдік Изақов.

Тендик Изаков окончил Карагандинский медицинский институт

Теңдік Изақов — Қарағанды медициналық институтының түлегі. Еңбек жолын Ақтоғай аудандық ауруханасында бастаған. Кейін білікті маманды Қарағанды қаласындағы облыстық ауруханаға жұмысқа шақырады. Сол жерде Ленинградтан келген мамандармен тәжірибе алмасады. Кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында қызмет етеді.

Тендик Изаков врач

«Дәріханаларда материал жетіспейтін. Операция жасау үшін бәрін стерилизациядан өткізу керек. Аптекаларда дәрі де, мата да жоқ. Медбикелер шаршап-шалдығып жүріп, майкаларын шешіп, солардан таңғыш жасайтын», — деп еске алады Теңдік Изақов.

1969 жылы Теңдік Изақов туралы деректі фильм түсіріледі. Ол кезде ол бет жүйкесіндегі ауырсынуды емдеуге арналған — гидротермодеструкция тәсілін алғаш қолданған дәрігер ретінде аты шыққан. Бұл әдісте жүйке тініне қайнаған су жіберу арқылы ауырсыну тоқтатылады. Тәуекелі жоғары болғанымен, бұл емнің тиімділігі дәлелденген.

первый врач, применивший метод гидротермодеструкции

«Күрделі аурулар болды — ми ісіктері, эхинококк ауруы. Паразиттер мидың ішіне енеді. Операция кезінде оларды ақырын, тінді зақымдамай шығару керек. Ал кейбіреулер ештеңе түсінбейтін, тек: “алып кел”, “әкет” деп бұйрық беретін. Милары қатып қалған еді», — дейді қазақтан шыққан тұңғыш нейрохирург.

Начинать утро с упражнений

Күнін жаттығумен бастау — Теңдік Изақов үшін күнделікті дағды. 93 жастан асса да, қария әлі де сергек, күш-қуаты қайтпаған. Профессор үшін қозғалыс — жай дене белсенділігі емес, тәртіп пен рухани тепе-теңдіктің негізі.

Тендик Изаков — первый нейрохирург Казахстана

«Жаттығуды төсектен тұрмай-ақ жасауға болады. Адам денесінде 19 буын бар — біреуі ауырса, бүкіл дене қиналады. Сондықтан аяқ-қолды үнемі қимылдату керек. Сосын омыртқаны жазу қажет. Көлігіңді 15 күнге тоқтатып қойшы — тот басып, істен шығады. Адам денесі де сондай. Оны қозғалыста ұстау керек», — дейді Теңдік Изақов.

Ол күн сайын бірнеше шақырым жаяу жүреді. Мұндай жаттығу тек аяққа ғана емес, мидың жұмысына да пайдалы: есте сақтау қабілетін арттырады, ойды сергітеді. Сондықтан болар, ғалым әлі де зерделі, науқастарға кеңес беріп, диагноз қоюға көмектеседі.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное