Воскресенье, 18 мая, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиАрамыздағы батыр: Николай Куриленко Теміртауда 98 жасқа толды

Арамыздағы батыр: Николай Куриленко Теміртауда 98 жасқа толды

Теміртау қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Николай Семёнович Куриленко 98 жасқа толды. Ардагерді мерейлі жасымен қала әкімі мен Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арнайы құттықтады. Бұл — батыр ардагерге көрсетілген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды кездесу.

Ветерану Николаю Куриленко исполнилось 98 лет

Мерейлі 98 жасқа толған ардагерді қала әкімі арнайы құттықтап, құрмет грамотасын мен жеміс себетін табыстады. Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері де ардагердің шаңырағына барып, жылы лебіздерін білдірді.

аким города Темиртау Галым Ашимов

«Біздің қаламызда бүгінгі таңда жалғыз өзіміздің мынау Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагеріміз бар — ол Куриленко Николай Семёнович. Бүгін ол кісі 98 жасқа толып жатыр. Жаңа ғана біз кіріп, ол кісіні марапаттап, туған күнін атап өттік. Енді осы шамалы уақыттан кейін ол кісімен бірге, құдай денсаулық берсе, осы 9 мамырға да жетеміз деп үміттеніп отырмыз. Сондай-ақ Жаңа жылды және алда келе жатқан басқа да мерекелерді бірге атап өтеміз деп жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Николай Куриленко

Ардагер 1951 жылы әскер қатарынан оралған соң, Брянск қаласында пойыздарда жолсерік қызметін атқарған. Кейін Қарағанды Теміртау металлургия комбинатына арнайы шақыртумен келіп, өндіріс саласына араласқан. Энергетика шаруашылығында слесарь, шебер, кейін учаске бастығы қызметтерін атқарып, еңбек майданында да абыройлы жол салған.

Николай Куриленко

«Көңіл-күйім ғажайып! Менің көңіл-күйім сіздердің жүректеріңізге де жетсін деймін. Мен Польшада болдым, Бромберг қаласында, ол жерде Десна деген өзен бар. Жеңіс күні қарсаңында теміржол көпірлерін қорғауды күшейту қажет болды, сол себепті біздің бөлімшені сонда жіберді. Жеңіс күнін дәл Польшада қарсы алдық. Жастарға айтар тілегім — мен бұны айтып та қойдым — білім алсын, өз білімін арттырсын, оқуларын жетілдіріп, оны өз ұрпағына да жеткізе білсін», — дейді соғыс ардагері Николай Куриленко.

Николай Куриленко с орденом

Николай Семёнович Куриленко 1927 жылы Брянск облысында дүниеге келген. 1944 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, Батыс майданының зениттік артиллерия құрамында Шығыс Пруссия мен Польшада шайқасқан. Соғыста ауыр жарақат алып, көру қабілеті нашарлаған. Майдан даласында қайсарлықтың қайталанбас үлгісін көрсеткен батыр ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Қарағанды облысының Құрметті ардагері.

Письмо с войны

«Көктемде, нақтырақ айтқанда наурыз айында, біз әкем екеуміз Калининградқа — бұрынғы Кёнигсбергке билет алып, ұшып бардық. Әкем осы жерде алты жыл әскери қызмет атқарған, Жеңісті де дәл осы жерде қарсы алған. Біз такси шақырып, Тильзитке жол тарттық. Сол сәтте ол өткен күндерін еске алып: “Мен бұл жерлерде жаяу жүретінмін, барлығын аралап шықтым, дәл осы жерде Жеңісті қарсы алдым”, — деп тебіреніп отырды. Ол сәттер ерекше әсерге толы болды», — дейді Николай Куриленконың қызы Юлия Газизова.

История Николая Куриленко

Николай Куриленко бүгінде Теміртау қаласында қалған жалғыз ардагер. Өз кезегінде қазыналы қария да әскерилер мен сарбаздарға ақжарма алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное