Жігітке киім тікен ұят емес, жұмыссыз жүру ұят. Бұл тігінші Нұржан Асабуаевтың ұстанымы. Шебер ұлттық киімдерді тігеді. Кәсібі қашанда қайырлы болғанын айтады. Жастайынын тынбай ізденіп, ине мен жіпті ырқына көндірген. Қазірігі айлық табысы 300 000 теңгеге жуықтайды.
Нұржан Сәбитұлы заманауи технологияны меңгерген жаңашыл тігінші. Шебер қазір сәукеле тігуде. Бишілер үнемі қ имыл қозғалыста жүретіндіктен бөріктің жеңіл болғаны абзал. Сәні де сахна көркін ашып тұру керек. Ісмердің бағыты замауй стил. Әрі ұлттық нақыш сақталуы маңызды. Дизайнін өзі ойлап табады. Иықты киімдерде қазақтың ою-өрнегін, ұлттық нақыштарын әдемі үйлестіре біледі. Бас киімдерге тағылған әшекейлерде ел байлығы әспеттелуі тиіс дейді.
«Сәукеле, топы, тақия тігудің өзіндік мәні бар. Әр қазақтың оюына ерекше екпін қою керек. Көбінесе таапсырыс берушілер қалаған сәукеленің суретін көрсетіп жатады. Мен дәл сондай қылдырып емес, одан әрі әрлеп, түрлендіріп беремін», — дейді Нұржан Асабуев.
Нұржан Сәбитұлның бұл негізігі кәсібі. Бұл дарын әжесімен анасынан дарыған. Балалық шағынан күрделі әрі кірпияз өнерді меңгеруге тырысқан. Қазір киім тігуде қыз-келіншектердің өзін «шаң қаптыра» алады.
«Әйелдер сабырлы болады ғой. Сондықтан шеберлік тек нәзік жандыларға ғана тән деп жатады. Бірақ ер азаматтар да тігінші бола алады дегім келеді. Шынымен бұл өнер төзімділікті қажет етеді. Мен шыдаймын. Бір затты тігерде көп ойланамын. Тіпті кейде түні бойы ұйықтамай, шеберханамда уақыт өткізетін күндерім болады», — дейді шебер.
Нұржан Сәбитұлы Қарқаралы ауданының тумасы. Теміржол мен құрылыс саласында бірнеше жыл еңбек еткен. Дегенмен кәсібінен нәсіпті осы өнерден тапты. 1986 жылы тон тігетін цкхқа жұмысқа орналасады. Алайда 6 ай бойы тәлімгер болып шеберлігін шыңдап, қайта оқып, сетификат алады.
«Ол кезде тәжірибеден өткізгенде, бір жеңді тігуді үйрену үшін 3 ай уақыт беретін. Сол үш айда жеңді дұрыс тіге алмасаң, киімді сөгіп қайта тіктіретін. Сондықтан сол кездегі шеберлердің жұмысы сапалы. Мен бұл өнерге алғыс айтамын. Осы өнердің арқасында отбасымды асырап, жетістікке қол жеткізудемін», — дейді Нұржан Сәбитұлы.
Осы талантынан тапқан таянғанымен ол балаларын өсіріп жеткізді. 61 жастағы шебердің ендігі мақсаты шағын шеберханасын үлкен цехқа айналдыру. Осы бағытта бүгінде екпінді еңбек етіп келеді.