Пятница, 20 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюди93 жасында да жылдамдығын төмендетпейді: Қарағанды облысының тыл ардагері Мереке Сыздықовтың оқиғасы

93 жасында да жылдамдығын төмендетпейді: Қарағанды облысының тыл ардагері Мереке Сыздықовтың оқиғасы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында 93 жастағы тыл ардагері темір тұлпар тізгіндеп көпті таңқалдырып жүр. Мереке Сыздықовтың көзі жақсы көреді. Ауыл ішін бес саусақтай білгендіктен, жолдағы шұрық тесікті алыстан аңғарады. Еңбек адамы саналы ғұмырын ауылшаруашылық саласын дамытуға арнаған. Мереке Сыздықов қазір шөберелерінің алаңсыз білім алуына жағдай жасап жүр. Мектепке жеткізіп алып келеді. Көлігінің жағдайы ақсақалдың бақылауында. Ақау табылып, жаста әп-сәтте жөндетіп алады.

93-летний ветеран тыла

«Мен өзім директор совхоз боп жүргенде нива берді. Сол нивамен шофер шаршайды ғой, а мен енді шаршасам да жақын неге, жаңағы әлгі облыстық картофельді тексеру керек. Жұмыскерлер орнында ма екен, күзетшілер, оны қарайсың. Содан кетіп ниваға үйреніп алдым. Маған ұнайтыны биік өзі. Қорықпай жүрем мен. Қарайды да кейбіреулер «о ата, нивамен жүрсіз ба» деп таңғалады», — дейді тыл ардагері Мереке Сыздықов.

ветеран тыла

Темір тұлпары осымен 20 жыл бойы қажетіне жарап келеді. Көлігінің іші жылы, ауыл жолына ыңғайлы. Жол ережесін бұзып көрмеген жүргізуші. «Сосын нарушать еткендер болса, айтып отырам.

Сажают картофель

«Ей қарағым, сен нарушать еттің жаңа. Неге олай жүресің? Қатты өттің сен! Ана кезде 40 жазулы тұр, ал сен 60-пен кеттің. Әйтпесе ана кезде пешеходный жазулы тұр. Сен жаңа бір адамды пропускать еткен жоқсың» деген сияқты как инспектор ұқсап осы жердің халқына мен кейде ақылымды айтып отырамын», — дейді Мереке Сыздықов.

Мереке Сыздықовтың балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен ерте еңбекке араласты. Атарбамен қарбыз, картоп тасымалдаған. Емдік шөптер жинап, майдандағы сарбаздарға жіберген.

Мереке-аты в молодости

«Картофель бір-ақ гектар колхозда, ал қазір қарасаңыз кейбір совхоздарда 350 гектар картоп егеді. Ал ол уақта бір гектарды алу қиын. Соған біз қазады жаңағы тракторист, а біз соны жинап, үйіп қоямыз тағы. Сондай-сондай жұмыстар атқардық. Сосын ит мұрын дейді (шиповник) соған жинатады», — деп еске алады Мереке Сыздықов.

Ол Ақмола ауыл шаруашылық мектебінің түлегі. Еңбек жолын агроном болып бастаған. Коммунистік партияның аудандық комитетіне хатшылық етті. Совхоздың директоры да болған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде маман тапшылығын тиімді шеше алған басшысы.

«Бір күні маған сіз Сморянскийге барасыз, 200, 300 қыз баланы алып келесіз деді. Сол кезде мен сол өңірге барып, Қарағанды облысы туралы дайын материалды алып түсіндірдім. Олар ол кезде Қарағанды түгілі Қазақстан дегенді білмейді. Сонымен не керек, әйтеуір қыздар «я поеду» деп барлығы қол көтереді. Сол, кім довольный болады, соларды жазып, бір айдың ішінде мен соларды алып келдім. Барлығын жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалыстым», — дейді Мереке Сыздықов.

Ерол Сыздыков

Ербол Сыздықов, Мереке Сыздықовтың ұлы.

Мен, алпыс бестен алпыс алтыға кеттім. Әкем әлі білмейді темекі тартқанымды. Өзім бұрын 40 жыл темекі тартқам тында. Сол темекіні қойып кеттім. Мұны шешем марқұм білмей кетті. Әкем де әлі білмейді. Жолдастарым сұрайды «14 немерең бар, ал сен әлі әкеңнен қорқасың». Ол мәселе қорыққанда емес, мәселе сыйластықта.

Мереке-ата и его семья

Ақсақал қазір Новоузенка ауылының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. «Таза Қазақстан» акциясының ең жасы үлкен қатысушысының бірі. Шөберелерін ауланы ұқыпты ұстауға баулып жүр.

Мереке Сыздыкова

«Үлкен ұлым атамның қасында жатады. Атасының баласы, жаңа мектепке апарып келеді. Мен өте ризамын атаға. Осы үйде маған көп көмек беретін осы атам. «Аман болсын! Жүз жасасын!» деп тілеп жатамын. Атам қасымда болмаса, маған қатты білінеді», — дейді Мереке Сыздықовтың келіні Назира Әлиханова.

Мереке Сыздықов пен Жәмилә Оспанқызы 4 балаға өмір сыйлаған. Бүгінде 10 немересінен 26 шөбереге тағылымды тәрбие беруде.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное