Четверг, 14 ноября, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиЖергілікті тоғандар үшін жаңа тыныс: Қарағанды облысының ауылында форель өсіріле бастады

Жергілікті тоғандар үшін жаңа тыныс: Қарағанды облысының ауылында форель өсіріле бастады

Қарағанды облысының тұрғындары қымбат бағаланатын форель балықтарын енді арзан бағада ала алады. Көмірлі өңірде алғаш рет элиталық су жәндігі ауылдағы су қоймаларында өсіріле бастады. Бұл мақсатта ауылдағы істен шыққан тоған қайта қалпына келтірілген. Кәсіпкер жобаға 100 млн теңге инвестиция құйыпты.

Ауыл тұрғыны кәсіпкер Сайран Болат балық шаруашылығымен айналыса бастады. Ол Польшадан 5 млн теңгеге 100 000 ақбалық шабағын әкелген. Оларды- бірден арнайы құрылғыға салып, өсіруге кірісіпті.

Аппарат для мальков форели

«Аппаратта 20-25 күн болады. Күнделікті температурасын назарда ұстау керек. Суды фильтерден өткізіп тазалап отырамыз. Кейін шабағымыз мұнда личинка болып шығады», — дейді кәсіпкер.

Қаз-қатар тізілген мына шағын бассейіндерде форель шабақтары шоршып жүр. Мұнда олар 1 ай мекендейді. Ол үшін судың оттегі мен температурасын бір қалыпта сақтаса жеткілікті. Мамандар желбезектілерге күніне 3 мезгіл жем мен дәрумен беріп отырады.

Специалисты кормят мальков

«Қарағанды облысында тек карп тәрізді балықтар ғана өсіріледі. Сосын біз форель балықтарын өсіруді жөн көрдік. Екі жыл бойы бұған ауылдағы судың жағдайы сәйкес келеді ма жоқ па соны зерттедім. Осы бағытта жұмыс жасайтын кәсіпкерлермен ақылдастым. Арнайы мамандарды шақырттық. Биыл жұмысты бастап кеттік. Бастапқы қадам жоғары деңгейде», — дейді Сайран Болат.

Батық ауылында елді мекенмен аттас және Тұқымбақ атты екі көл бар. Алайда дария атаулары негізгі мәнінен ажырап қалғандай еді. Кәсіпкер көлдің тіршілігіне жаңа тыныс беруге күш салды. Әуелі суды жыртқыш балықтардан тазартып, 330 000 Форель шабағын тоғанға жіберді. Олар 5 айда өсіп, толысқан соң салмағы 500 грамға дейін жетеді. 1 жылда 1,5 келі тартады.

Мальки форели

«Бұл су қоймалары 1960-70 жылдардан бері қараусыз болған. Қазір біртәндеп қайта қалыпан келтіріп жатырмыз. Мемлекеттен жақсы қолдау болып жатыр. Басында мен балық шаруашылығымен айналысамын дегенде көптеген таныстарым, тіпті туыстарым күлген болатын. Балық асырағанша мал бақ деп қалжындаған еді. Қазір жұмыстың жемісті жүріп жатқанын көріп, қуанып жүр», — дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер алдағы 5 жылда ақ балықты экспортауға кіріспек. Осы мақсатта Батық ауылынан зауыт ашуды көздейді. Яғни су жәндігін консервілеп, тауар ретінде сатылымға шығармақ. Бұл шағын ауылда жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.

Форель балығы — албырт тұқымдас, сүтқоректі. Ақ-қызыл түсті еті денсаулыққа өте пайдалы. Қылтанағы аз, бойында дәрумен де мол.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное