Понедельник, 24 марта, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиКалькулятор бала: 6 жасар Әлімхан Ермеков ерекше математикалық қабілеті

Калькулятор бала: 6 жасар Әлімхан Ермеков ерекше математикалық қабілеті

Қарағандыда Әлімхан Ермеков есімді «калькулятор бала» тұрады. Бірінші сынып оқушысы әлем картасын, елдердің жалауларын жақсы біледі. Қазір халық санын жаттауда. География пәнін әлі оқымаса да, оған деген қызығушылығы зор. Тіпті сыйлыққа әлем картасы мен глобусты ғана қалайды екен.

Қос Әлімханды математикаға деген қызығушылық байланыстырады. Кішкентай Әлімхан мектеп табалдырығын аттағанда, математикалық амалдарды біліп келген. Үш таңбалы сандарды қосып, азайта алған.

Мальчик-калькулятор

«Әлімхан бірінші сыныпқа келгенде, оның негізгі білімі өте мықты болатын. Ол екі таңбалы сандарды қосып, азайтатын. Әліппені жатқа білетін. Кейін мен оның мұның бәрін қалай меңгергенін сұрағанда, ата-анасы әпкесіне сабақ оқытқызып отырғанда бәрін есіне сақтап алғанын айтты. Мұны мен Мағжан Жұмабаевтың өмір тарихына ұқсаттым», — дейді сынып жетекшісі Риза Абдуғали.

Алимхана Риза Абдугали

Екі таңбалы сандарды көбейтіп, бөлу де «калькулятор балаға» қиындық тудырмайды. Оның ерекше есте сақтау қабілеті екі жасында байқалған. Көзбен көргенін, естігенін лезде жаттап алған.

отец мальчика Дидар Алимбеков

«Әлімхан екі жасқа келгенде, ол автокөліктердің нөмірлерін жаттай бастады. Жолға шыққанда көліктердің нөмірлерін айтып жүретін, бірде-біреуін қалдырмайтын. Осы дарынын байқап, біз бірден оны әрі қарай дамытуға шешім қабылдадық. Сандарды санауды бастадық, жеңіл математикалық тапсырмалар бердік», — дейді әкесі Дидар Әлімбеков.

Әлімхан мемлекеттердің астанасын біледі, картадан елдердің географиялық орналасуын көрсете алады. Сондай-ақ, әлем елдерінің жалауларын жатқа айтады.

Юный казахский математик

«Ол география туралы бейнематериалдарды көргенді жақсы көреді. Қазір әр елде қанша адам тұратынын үйрене бастады, елдердің рейтингін құрастырады. Бізде елдердің атаулары жазылған арнайы карточкалар бар. Кейде біз оның айтқанынан жаңа нәрселер білеміз. Әр фактіні интернеттен тексереміз, және ол әрдайым дұрыс болып шығады», — дейді әкесі Дидар Әлімбеков.

Алимхан

«Оның әртүрлі елдердің карталарынан құралған қорабы бар. Мектепте үзіліс кезінде сыныптастарымен түрлі ойындар ұйымдастырады. Елдер туралы қызықты фактілер айтып береді. Бұл басқа балалар үшін де өте пайдалы, өйткені ол оларды жаңа нәрсені үйренуге ынталандырады», — дейді әкесі Дидар Әлімбеков.

Ол тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат сияқты зияткерлік ойындарға әуес. Қазақстан және дүниежүзі тарихына, сондай-ақ жаратылыстануға қызығады. Ата-анасы оның қазақтың тұңғыш математигі Әлімхан Ермековке қарап бой түзегенін қалайды.

первый казахский математик

«Әлімхан дүниеге келгенде, мен оған ерекше есім бергім келді. Әкемнің аты Ермек болғандықтан, ұлы математик Әлімхан Ермеков есіме түсті. Ол да Қарағанды облысының тумасы. Маған бірден профессордың есімін беру идеясы келді», — дейді әкесі Дидар Әлімбеков.

Дедушка Алихана

Ермек Әлімбеков, Ә. Ермековтың атасы: «Мен немереме ұлы Алаш қайраткерінің есімін бергенін естігенде қатты қуандым. Осы есімге лайық болатынына үміттенемін. Оның әкесі Дидар мектепте математиканы жақсы көретін, жоғары сыныптардың бағдарламасындағы есептерді шеше алатын. Сондай-ақ, менің анам да математик болған. Мүмкін, бұл қасиет тұқым қуалаған шығар».

Дипломы

Әзірге бала Әлімхан тарихи тұлға жайлы көп біле қоймаса да, оның арманы — әлемді аралау. Ол үшін шет тілдерін терең меңгеруге ниетті. Ұлы математиктің жеті тілде еркін сөйлегенін ескерсек, бұл баланың киелі есімге сай иесі болуға талпынысы ерекше.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное