Воскресенье, 19 января, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиХит шапан шебері және даланы жаулап алушы: бүкіл ұрпақты шабыттандыратын әйелдің тарихы

Хит шапан шебері және даланы жаулап алушы: бүкіл ұрпақты шабыттандыратын әйелдің тарихы

«Хит шапандардың шебері». Ұлытаулық Марина есімді тігіншіні жергілікті жұрт осылай атап кеткен. Оған негіз де жоқ емес. Қолынан шыққан өнімдері жоғары сұранысқа ие. Марина Юрьевнаны ауылдастары Мәдина деп атап кеткен. Төлқұжатына да осы есімді жаздырған. Оның атымен бірге «шебер» сөзі қатар айтылады. Өйткені қазақи шапандарды сәнін келтіріп тігеді. Сол арқылы қазақ мәдениетін насихаттап жүр.

Марина Юрьевна

Асханасының бір бұрышын шағын шеберханаға айналдырып алыпты.

«Қазақтың ою-өрнектері мен шапан тігу өнерін насихаттау — ұлттық мәдениетімізді сақтау және дамыту үшін маңызды. Қошақар мүйізді оюды ер адамдарға саламыз. Ал нәзік жандыларға бұғының мүйізі, жарқанаттың қанаты тәрізді оюларды пайдаланамын. Ұлттық өнердің маңыздылығын жастарға түсіндіру, оны заманауи өмірге сәйкестендіре насихаттау арқылы қазақтың ою-өрнектері мен шапан тігу өнерін сақтап қалуға және дамытуға болады», — дейді Мәдина Оспанова.

Шапаны Мадины

Қолөнер — кәсібі ғана емес, нәсібі де. Жолдасы сырқаттанып, арбаға таңылған соң ине мен жіпті алғаш қолына алған. 35 жасында шапан тігіп, кәсібін бастады. Қазір тұрақты табыс көзі.

«Мен іс тіккенде демаламын. Барлық қиындықтармен уайымым осы сәтте ұмытылады. Есігімді жауып алып, ән айтып шапандарды тігіп тастаймын. Біреу кедергі келтіргенін қаламаймын», — дейді шебер.

Балалары — студент. Үй мен түздің тірлігі Мәдинаның мойнында. Атқа мініп, мал жайғайды, жайылымға шығарады. Атқа бала күнінен жақын. Ауылындағы қыздар арасында арғымақ баптаған санаулының бірі. Аламандарда топ жарған шабандоз. Қыз қууда да талай рет жігіттерден айласын асырған. Қазір де, күйбең тірліктен шаршаған сәтте, сәйгүлігін тақымдап, тынығады.

С лошадьми Мадина

«Атқа жасымнан отырдым. Үйімізде ат болмайтын еді. Сондықтан көршілердің жайылымдағы атын ұрлап мінетінмін. Қазірде атқа отырған соң, өзімді жеңіл сезінемін. Қан айналымы жақсарады. Бұрын ата-бабамыз неге ауырмады? Себебі атқа көп отырды. Ал қазір көпшілік ұялы телефон шұқылап отырғысы келеді», — дейді Мәдина Оспанова.

Хит шапан шебері және даланы жаулап алушы: бүкіл ұрпақты шабыттандыратын әйелдің тарихы

«Біздің ауыл тұрғындары Марина деп атап көрген жоқ. Барлығымыз Мәдина деп атаймыз. Монша жағады. Бұл да Мәдина апайдың шағын кәсібі. Қосымша мектепте күзетші болып жұмыс жасайды. Оның үстіне арбада отырған күйеуін күтеді. Осылайша бір отбасына қамқор болып отыр», — дейді Байдалы би ауылының тұрғыны Бауыржан Қалжанов.

Мәдина Мәскеуде дүниеге келген. Ата-анасы орыс этносынан. 1980 жылы әкесі Жаңарқа ауданына геолог болып жұмысқа ауысып, отбасымен көшіп келеді. Марина қазақ мектебінде оқыды. Достары да қазақ.

«Қазақ тілін білмегендіктен 1-сыныпқа мені қабылдамады. Бір жылдан кейін қазақша сайрап жүрдім. Себебі ортам тек қазақтар болды ғой. Содан өз жасымнан бір жыл кешігіп мектепке бардым. Кейін тіпті орыс тілін ұмытып қалған кезім болған. Жездем қазақ болатын. Мен орыс тілінде түсінбегенде қазақша аударып беретін еді», — дейді Мәдина Оспанова.

Семья Мадины

18 жасында қазақ жігітімен тұрмыс құрады. Әулеттің сыйлы келіні аталады. Салт-дәстүрді сақтайды. Жұма сайын шелпек пісіріп майдың иісін шығару ол үшін бұлжымас қағида.

«Үйленген соң мешітке барып, некемізді қидырдық. Өз еркіммен мұсылман дінін қабылдадым. Сол кезде Мәдина деген есімді алдым. Мен қазақ халқын жақсы көремін. Өзімді өзге ұлт өкілі деп есептемеймін. Мені де ауылдастарым, ортам орыс деп бөлектеп көрген емес», — дейді Мәдина Оспанова.

Бойынан қайсарлық пен қонақжайлық байқалады. Күйеуі екеуі 30 жыл бірге. Бүгінде алты баласынан тараған немерелерінің ардақты ата-әжесі.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное