Суббота, 14 марта, 2026
ДомойАвторские колонкиЛюдиДос Төлегенов: техника жөндеп, адамдарға көмектесетін шебер

Дос Төлегенов: техника жөндеп, адамдарға көмектесетін шебер

Қарағанды облысында мүгедектігі бар азамат қайырымдылықпен айналысып жүр. Дос Төлегенов туа біткен сал ауруына шалдыққан. Бала жастан тұрмыстық техника жөндеуді кәсіпке айналдырған. Бүгінде игілікті істердің басы-қасында жүр.

Дос Төлегенов табиғи дарынының арқасында тұрмыстық техника жөндеп, цех ашқан. Кәсібінен табыс тауып, үш баласын асырап отыр. Қазір жағдайы төмен отбасыларға тұрмыстық техника сыйлап, қайырлы істерге ұйытқы болып жүр.

Умение обращаться с техникой

«Тек алу жеткілікті емес, беруді де білу қажет. Бір қолыңмен алсаң, екінші қолыңмен беруге тырыс — осыны әрдайым есте ұстау керек», – дейді шебер Дос Төлегенов.

Биыл ол Алғабас ауылындағы екі көпбалалы отбасына теледидар тарту етті. Надежда Маймуратова – жалғызбасты ана. Күн суығында бес баласы үйде отырған кезде бұл сыйлық олар үшін үлкен қуаныш болғанын айтады.

подарок телевизор

«Таңертең, алтыдан жетіге дейін балалар дереу сұрай бастайды: „Анашым, Wi-Fi қосшы, біз теледидар көргіміз келеді“. Оларға одан басқа ештеңе қажет емес: отыра береді де, қарап отырады. Досқа алғысымды айтамын – балалар қуанышты, ал мен оған өте ризамын», – дейді көпбалалы ана Надежда Маймуратова.

Надежда Маймуратова

Аудандық ауруханаға ол кабельдік желі тартып берген. Ғимарат ішінде ұялы байланысты жақсарту үшін арнайы қондырғы орнатқан. Нұра кентіндегі қарттар үйіне де теледидар сыйлады. Мұндағы істен шыққан тұрмыстық техникаларды тегін жөндеп берген.

Подарил телевизор

«Ол бізге келгенде қолында теледидар ұстап келді. Мен тіпті абдырап, „Қажет емес, неге әкелдіңіз?“ деп сұрадым. Ал ол: „Алыңыздар, бұл менің сыйлығым“, – деп жауап берді», – дейді қарттар үйінің директоры Гүлнар Түсіпова.

директор дома престарелых Гульнар Түсіпова

Дос Төлегенов алғаш рет 15 жасында радио қабылдағышты қалыпқа келтірген. Содан бері бұл іс оның кәсібіне айналды. Қазір істен шыққан техниканы Қарағанды мен Астана тұрғындары осында әкеледі. Жөнделмейтіні кемде-кем.

Ремонт телевизора

«Бірде маған бір әжей келіп, өте ескі теледидарын әкелді де, оны жөндеуді өтінді. Мен оған жөндеу үшін қажетті бөлшектерім жоқ екенін түсіндіріп, жаңа теледидар алуды ұсындым. Бірақ оның ондай мүмкіндігі болмады. Сол кезде мен өз теледидарымды әжейге бердім. Ол батасын берді», – дейді шебер Дос Төлегенов.

Шебер көліктің электр жүйесін жөндейтін автошеберхана да ашқан. Әкесіне үлкен ұлы қолғабыс етеді. Нұрасыл да жасынан техника тілін меңгерген. Қазір үлкен кәсіптің бір бөлігіне айналып отыр.

Нурасыл с детства разбирается в технике

«Ешқашан бірдеңе болмайды деп айтуға болмайды. Барлығының жақсы болатынына сену қажет. Мысалы, егер науқас адам тек жатып, „Мен тұра алмаймын“ деп ойласа, шын мәнінде тұра алмайды. Керісінше, өзіңді сауығуға баптап, „Менің бәрі дұрыс болады, мен бұл қиындықты жеңемін“ деп айту керек», – дейді шебер Дос Төлегенов.

Дос Төлегенов былтыр Нұра ауданы бойынша үздік кәсіпкер атанды. Қайырлы істері үшін бірқатар марапаттарға ие болды. Болашақта кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашқысы келеді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное