Среда, 9 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиБір тіл, көптеген дәстүрлер және барлығын біріктірген еңбек: көпұлтты Ақжал ауылы

Бір тіл, көптеген дәстүрлер және барлығын біріктірген еңбек: көпұлтты Ақжал ауылы

Қарағанды облысындағы 11 этнос өкілі тұратын ауыл бар. Олар тек қазақ тілінде сөйлейді. Аймақ бойынша ең көп халқы бар яғни 4000 мыңға жуық тұрғын мекен ететін ауыл — Ақжал кенті. Себебі мұнда мырыш пен қорғасын кенін өндіретін алып кәсіпорын жұмыс жасайды.

Сергей Хлюшов

Сергей Хлюшов «Новоцинк» кәсіпорнында тау-кен үнгу учаскесі басшысының орынбасары. Кеніште рельс жолының құрылысына жауапты. Бұл жобаның арқасында шахтадағы кенді молынан тасуға мүмкіндік туды. Сергейді әріптестері Серғазы деп атап кеткен. Оның әу баста тілі қазақша шыққанымен, орыс мектебінде оқыған. Алайда күнделікті өмірде мемлекеттік тілде сөйлегенді құп көреді.

Сергей Хлюшов в шахте

«Мен жұмысқа тұрғанда ешқашан проблема болған емес. Себебі қазақ тілінде сөйлесем болғаны бірден жұмысқа қабылданамын. Менің жұмысым шахтаның астында. Тіпті жұмыскерлермен сөйлегенде термин сөздердің өзін қазақшалап аламыз. Дінім бөлек болғанымен жыл сайын ораза ұстауға тырысамын. Әріптестеріміз бір-бірімізді қонаққа шақырып ауызашар ұйымдастырамыз», — дейді Сергей Хлюшов.

Марина Зинатулина

Ақжал кентінің тағы бір тұрғыны Марина Зинатулина да еңбек жолын осы кәсіпорында бастаған. 40 жылға жуық табан аудармай еңбек етіп келеді. Кен орнынан өндірілетін қорғасын мен мырш концентратынан сынама алады. Кейін химиялық зертханаға жібереді.

Специалисты

«Кәсіпорында бірнеше ұлт өкілі жұмыс істейді. Қолданатын ортақ тіліміз қазақ тілі. Әр мереке сайын ұжымымызбен түрлі концерт ұйымдастырамыз. Сахнаға шыққанда әр ұлт өкілі ұлттық әндерін айтып, би билейді. Дастарханда өзімнің ұлттық тағамымды дайындап әкелемін. Менің ұлтым татар болғандықтан әріптестеріме әрқашан татар асханасынан ауыз тигіземін.Менің вак баришимді мұнда таласа жейді», — дейді Марина Зинатулина.

Бір тіл, көптеген дәстүрлер және барлығын біріктірген еңбек: көпұлтты Ақжал ауылы

Марина Зинатулинаның әулеті — еңбек адамдары. Марина жары Инсаф Зинатулинмен осы кеніште танысып, отбасын құрған. Қос перзенті де қазір шахтада жұмыс істеп жүр. Кейіпкеріміздің ата анасы да аталған өндіріс ошағында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

«Әкем татариядан келді. Анам Беларусиядан осы Ақжал кентіне келген. Әкем бурилшик болып жұмыс жасады. Ал анам фабрикада еңбек етті. Мен мұсылманмын. Әкем үнемі анаң Беларусь болса да, сендер мұсылмансыңдар деп айтып отыратын. Бұл кәсіпорын, бұл ауыл бізге ерекше ыстық. Балаларымызға тек қазақ тілінде сөйлеңдер, мемлекеттік тілде сөйлеңдер деп айтып отырамыз», — дейді Марина Зинатулина.

Галина Кузнецова

Ақжал кентінің тағы бір тұрғыны Галина Кузнецова дастарханына тек қазақтың ұлттық тағамын қойып, жұртты таңқалдырып жүр. Әр жұма сайын шелпек әрі бауырсақ пісіреді. Аптасына бір мәрте ет асып, қазақ ұлттық тағамын жасайтынын да жасырмайды. Себебі ата анасы мен балалары қазақтың ұлттық тағамые ерекше жақсы көріп жейді екен.

«Әр жұма сайын шеклпек пісіру ол жасымнан қалыптасқан дәстүр. Себебі қайтыс болған туысқандарымның әруағына сауабы тие берсін деген ниетте боламын.Балаларым алауакбар деп алақан жайып барып қана шелпекті жейді. Көршілеріме де таратамын. Жыл сайын шеке беріп құран оқытып отырамын», — дейді ол.

Галина Кузнецова готовит

Галина Кузнецова ауыр жұмыстан алшақтаған емес. Үйдің де түздің де кез-келген шаруасына білек сыбана кірісіп кетеді. Жалғыз басты ана екі баланы тәрбиелеп отыр. Перзенттері қазақша еркін сөйлейді. Осылайша еңбек адамдары кәсібіне де, мемлекеттік тілге де адалдық танытып келеді.

«Менің балалық шағым осы ауылда өтті. Достарым тек қазақтар. Қазір олармен жақсы араласамыз. Қоғамдық орындарда қазақша сөйлесем барлығы таңқалып жатады. Бірақ оның таңқалатын несі бар. Мен Қазақстанда тудым, өстім, өндім. Сондықтан мемлекеттік тілді білу мен үшін міндет сияқты», — дейді Галина Кузнецова.

Бірлігі жарасқан Ақжал кентінде 11 этностың өкілі бір үйдің баласындай тіршілік кешіп отыр. Бір қуантарлығы жұмыссыздық мәселесі толық шешілген.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное