Пятница, 13 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚалдықтардың екінші өмірі: ауыл шебері қоқысты шедеврлерге қалай айналдырады

Қалдықтардың екінші өмірі: ауыл шебері қоқысты шедеврлерге қалай айналдырады

лытау облысы Ералиев ауылында шыны бөтелке қиындысынан үй қаптаған шебер тұрады. Зұлбұхар Иманбердиев осылайша тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуда. Ағаш шебері тұрмыстық дүниелер мен мәдени жәдігерлерді жасайды.

Зұлбұхар Иманбердиев үйінің сыртын шыны қалдықтарымен қаптап қойған. Жыл сайын қабырғаны әктеп әуреге түспейді. Қабырға сырты да үгітіліп түспейді. 1996 жылдан бері баспанасы осылай жарқырап тұр.

Зулбухар Иманбердиев

«Ауыл тұрғындары үйдегі қалдық шыныларды маған әкеліп береді. Мен қуана аламын. Себебі кез-келген ғимараттың сыртына пайдаланамын. Сол шынылар арқылы қабырға сыртына түрлі суреттерді бейнелеуге болады. Жалпы мен тұрмыстық қалдықтарды лақтырғым келмейді. Кез-келген заттан бір қолөнер бұйымын жасауға болады. Бұл экологиялық тазалық кепілі», – дейді Ералиев ауылының тұрғыны Зұлбұхар Иманбердиев.

Шебер босап қалған шыны құтыны ұсақтап, құммен цементпен араластырып, құрылысқа пайдаланады. Ол ағаш пен темір қалдықтарын да тастамайды. Оларды өрнектеп түрлі қалыпта заттар жасап шығарады.

дробит пустые стеклянные бутылки

«Зұлбұхар Иманбердиевтің үйінің маңында тұрмыстық қалдық деген болмайды. Көршілер үйреніп алған, бірден шеберге тұрмыстық қалдықтарды әкеліп береді. Кейін сол заттардан жасаған жұмыстарын көргенде таңқалып жатамыз. Біздің үйіміздің сыртын да осындай шыны қалдықтарынан қаптап берген. Қазір рахатын көріп отырмыз», – дейді көршісі Оразбай Бейбіт.

Кейіпкеріміз бұл өнермен 13 жасынан бастап айналысады. Алғаш ине мен жіпті қолына ұстаған. Балалық шағында өзіне қолғап, бөрік, тон тіккен. Отанасын күтіп отырмай, тігін мәшинесін қолына алып, көрпе-жастықтарды өзі-ақ бүтіндейді.

Шьет курак-корпе

«Құрақ көрпелерді тігіп қояды. Қыз жасауын да керек десеңіз жасап бере алады. Құрбыларым үйге келгенде таңқалады. Күйеуім тігін машинасының алдында отырғанда, кейде өзім ұяламын. Бірақ бұл жұмысты ол жақсы көреді. Менен көрі қолы епті. Ауылдағы барлық тұрғындарға дөңгелек үстел жасап берді. Домбыра, қобыз сияқты ағаштан ұлттық аспаптарды да жасай алады», – деді жұбайы Аққайша Әбдікәрімова.

Ол бейнелеу өнері мамандығында оқыған. Сүйікті жанры – портрет. Адамның бейнесін бір қарап, ақ қағазға айнытпай түсіреді.

Мастер художник

«Бұрынғы кезде фотоға түсіру деген ауылда түсінік болмады ғой. Сол кезде туыстарымның мерейтойы болса, суретін портрет етіп салып сыйлайтынмын. Бұл өнерден мен ләззат аламын. Кейде балаларым: “Таста осы жұмысты”, – деп айтады. Бірақ бұл өнерсіз маған өмір жоқ», – дейді шебер.

Шебер темірден түйін түйеді. Болат балқыту да ол үшін қиын шаруа емес.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное