Пятница, 20 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюди85 жастағы шабандоз: «Тың болуым аттан түспегенімнің арқасы»

85 жастағы шабандоз: «Тың болуым аттан түспегенімнің арқасы»

Ұлытау облысының Қаражал қаласында шабандоз қария тұрады. 85 жастағы Төлеубай Ибраев атта шапқанда алдына жан салмайды. Жылқыға міну – адамның барлық буынын қозғалысқа түсіріп, сергектік сыйлайды. 25 жастағы жас жігітпен аламанға түссе, оқ бойы озық шыға алады. Кейіпкеріміз ара тұра жастармен жарысқа түсіп, білгенін үйретеді. Шабандоз кезінде талай  доданың көрігін қыздырған. Күніне атқа отырып, төңіректі шарлап келуді әдетке айналдырған.

Всадник на пенсии

«Сексенді алқымдаған шақта әлі тың болып жүруім аттан түспегенімнің арқасы. Жатып қалып ауырған адам емеспін. Кішкене тұмауратып қалсам, бірден арғымағыма мініп шауып кетемін. Кезінде талай шу асау атты үйретіп, сабасына түсіргенім бар. Әлі де жабағы үйретіп баптауға шамам келеді», — дейді ақсақал.

Төлеубай Ибраев заманауи көлігімен тұрғындарға тегін қызмет те көрсетіп жүр.  Алғаш рет техниканы 17 жасында тізгіндеген. Содан бері көліктің түр-түрін жүргізіп келеді.  Бастапқыда трактор айдаса, кейіннен жеңіл автокөлікке ауысқан. Жолаушының  қауіпсіздігіне баса мән береді, жол ережесін бұзып көрген емес.

«Менің басты мақсатым жолаушыны аман есен қажетті мекен жайына жеткізу. Ол үшін мен жол ережесін бұзбауым керек. Қазір жастар жылдамдықты асыра сілтейді. Алдындағы көліктен басып озғылары келіп тұрады. Себебі қазір техника өзгерген. Баяғыда біз 100 км.сағ жылдамдықта жүргенде сұмдық көретінбіз. Қазір 200 км.сағ жүргенде шопыр сезбейді. Салдарынан қазір жол апаты көп орын алып жатыр», — дейді қария.  

Бесплатное такси

Төлеубай Ибраев 40 жыл еңбек өтілі бар шопыр. Күніне 2 сағат далаға шығып, елдің игілігіне қызмет етеді. Жол жөнекей аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушыны діттеген мекен жайына жеткізіп тастайды. Еңбегіне ақы алмайды. Бұл жүрегінің қалауы.

«Мен өзім Жәйрем кентінің тұрғынымын. Дегенмен Қаражал қаласына жиі келемін. Менің жаяу қала аралап жүргенімді Төлеубай аға көріп қалса бірден тоқтай қалып, қажетті мекен-жайыма жеткізіп тастайды. Жол бойы қызықты да тағылымды әңгімелерін айта отырады. Еңбегіңіз ғой деп талай мәрте ақша ұсындым. Ұят болады деп алмайды», — дейді Жәйрем кентінің тұрғыны Раушан Ахан.   

«Мен жолаушылардан ақша алуға намыстанамын. Себебі бұған дағдыланбағанмын. Зейнетақым күнделікті кететін бензинге жетеді. Мен бұл жұмыстан рахаттанамын.  Күннің аязды күндерінде  көршілерім жиі жүгініп жатады. Көлігіме отырып алып, осылайша халықтың қажетін ашып тұрамын. Денсаулығым жарап тұрса, осындай игілікті істі жалғастыра беремін. Өзіме де пайдалы ғой. Үнемі қозғалыстамын.

Таңатқаннан кеш батқанға дейін мен жатпаймын. Осындай түрлі тірліктермен дамыл таппаймын. Өйткені қозғалыста жүргенде өзімді жеңіл сезінемін», — дейді Төлеубай Ибраев.

Мастер кузнечного дела

Төлеубай Ибраев киелі кәсіп ұсталықты меңгерген. Жүген ноқта қамшы тәрізді ат әбзелдерін тегін тоқып береді. Қажет десеңіз темірден түйін түйеді. Ауыздық үзеңгі ертоқым жасау үшін станок, дәнекерлеу қондырғысын пайдаланбайды. Сенімді серігі тек зіл балға, балта, егеу. Темірді қамырша илеп, болат балқыту қарияға түкке тұрмайды. Ақсақал әулеттің тірегі, ақылман әке. Бүгінде 10 перзентінен 26 немере, 21 шөбере көріп отыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное