Өңірімізде алимент төлеуден жалтарған азаматтың қарызын атасы мен әжесі төлеуде. Мұндай шешімді сот борышкердің сегіз жыл тығылып, жауапкершіліктен қашқан әрекетінен соң қабылдаған.
Өңірде дәл осылай балаларының алдындағы парызын орындамаған 1500 борышкер анықталған. Соның үшеуіне сот жақында шешім шығарған. Оның екеуі қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал, бір азаматтың 8 миллион теңге қарызын атасы мен әжесі 5 айлық есептік көрсеткіш көлемімен ай сайын өтеп жатыр. Әділет департаменті мамандары бұл шешім ҚР Неке және отбасы туралы 152-бапқа сүйеніп, қабылданғанын мәлімдеп отыр.
Людмила Гальчунова Қарағанды облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы АУДАРМА: «Алиментті туысы үшін ата мен әженің төлеуі туралы шешімді Теміртау қалалық соты қабылдады. Екі баланы әкесі неше жыл бойы алимент төлеуден жалтарған. Оның бір баласы мүмкіндігі шектеулі. Отбасындағы ауыртпалық барлығын сот негізге алды. осылай шешім әзірге алғаш рет тіркеліп отыр».
Өңірде алимент төлемей жүргендер көптігін ескерсек, мұндай шешім әлі талай рет қабылдануы мүмкін. Сондықтан, алимент әкенің бала алдындағы парызы екенін азаматтар ұмытпаса екен. Әйтпесе, сот кешіріммен қарамайтыны анық. Елімізде алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың қарызы 7 млрд теңгеге жетсе, оның 1 миллиарды Қарағанды өңіріне тиесілі.
Отбасы алдындағы берешегін бермеу үшін кейбір азаматтар тіпті әккіленіп алған,- дейді мамандар. Жыл басынан бері 7 азаматтың көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойған. Табысын жасырып, жұмысын екі-үш ай сайын ауыстыратын әкелер де анықталған. Заң бойынша, қарыздан жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, темір торға да тоғытылуы мүмкін.
Қалдыбек ИБРАЙЫМОВ : «Қарағанды облыстық әділет департаментінің бөлім маманы -Алимент төлемеген азаматтардың қажет болса көлігі тәркіленеді. Бірнеше тәулікке қамалады. Басқа да жауапкершілікке тарту қарастырылған. Азаматтардың өз алдына міндеттерін естен шығармауы тиіс. Тіпті, туыстары төлейді. Қазір 1 миллиард теңге алимент төлемегендердің қарызы тұр».