Воскресенье, 16 марта, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиЖанның нұры: Қарағандыдан келген Оксана Шаталина өнер мен спорттағы өмірдің мәнін қалай...

Жанның нұры: Қарағандыдан келген Оксана Шаталина өнер мен спорттағы өмірдің мәнін қалай табады

Өнер мен спорт өмір мәні. Бұл қарағандылық зағип жан Окасана Шаталинаның пайымдауы. Ол жанары тас қараңғы болса да қоғамдық өмірден тыс қалмайды. Рухани байлықты кітаптан алса, физикалық пішінін сақтау үшін спорт залдан шықпайды.

Оксана Шаталина 50 жасында биге қатыса бастайды. Қимыл қозғалысы арқылы көркем образды бейнелейтін дәрежеге жетті. Қазір қазан айында өтетін фестивалге дайындық қызу. Тағдырлас жандармен жүзден жүйрік шығуды көздейді.

Оксана Шаталина из Караганды

«Біздің қимылымыз аз ғой. Сондықтан бізге өте пайдалы. Би үйірмесіне қатысасың дегенде мені бұл қызықтырды. Үрейдің де болғанын жасырмаймын. Себебеі көзі көрмейтін адамдар қалай билейді екен деген сұрақ болды. Қазір сол сауалдың жауабын тауып, тіпті іс жүзінде көрсетіп жүрмін. Басында шаршап қалатынмын. Қазір соның өзінен ләззат аламын»,- Қарағанды қаласының тұрғыны Оксана Шаталина.

Қарағанды қаласындағы зағип және нашар көретіндерге арналған мәдениет үйі 80 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет етіп келеді. 12 үйірмеге 200 ге жуық зағип жан қатысады. Қос жанарынан айырылса да, өмірге деген құштарлығы ортаймаған.

директор Дома культуры

«Зағип жандар көбінесе тұйық келеді. Олардың жүріп тұруы қиын. Яғни көмекшігі тәуелді. Сол себепті де хореграфиялық үйірме оларды еркіндікке баулыйды», — Полина Угланова зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің директоры.

Оксананы қиындықтан алып шыққан поэзия әлемі. Жанына серік болды, сырласына айналды. Жыр оқығанда толқымайтын жүрек, тебіренбейтін жан жоқ шығар. Алғашқы сахнаға да алып шыққан қара сөздің құдіреті. Тіпті байқауда оқ бойы озық шыққан.

Творческая семья

«Мен алғашқы рет сахнаға шыққанда маған бірінші суық, одан кейін ыстық болды. Қобалжығаннан жаттаған мәтінімді ұмытып қаламын деп ойладым. Мен жыр жолдарын оқыған сәтте көрерменге беріліп жеткізгенім сондай, өзім жалғыз ғана тұрғандай сезіндім. Нәтижесінде әділқазы алқасы мен бас жүлдеге лайық деп таныды. Сол күнгі қуанышымды әлі ұмытпаймын», — дейді Оксана Шаталина.

Ол тенистен республикалық турнирдің 2 мәрте жеңімпазы. Көзі көрмейтін жандарға арналған теннис ойыны чоундаун деп аталады. Мұнда жаттығу залы 30–35 шаршы аумақтан аспауы керек. Тенис добы сылдырмақ іспеттес. Яғни ойыншылар дыбысқа бағыттап, әрекетін ойластырады.

Жанның нұры: Қарағандыдан келген Оксана Шаталина өнер мен спорттағы өмірдің мәнін қалай табады

«Тениста жарысқа қатысқанда  қатты қобалжимын.  Доптың бағытын дұрыс естіп, шабул жасауым барлық мәселені шешеді. Бұған қоса нақты ойынның талаптарын да ескеруім керек. Кейде ойынның қызығына кіріп кетіп, шартты бұзып жататын кездерім болады», — дейді Оксана Шаталина.

Оксана Шаталина туғанда дүние жарық болған. Алайда 12 жасына тұмаумен ауырып, асқыну салдарынан көзінің көру қабілеті төмендеген. Бірнеше жыл  көзілдірік киіп амалдаған. Бірақ 19 жасында жанарының сәулесі өшеді. Мәңгілікке тас қараңғылық орнайды.

Жанның нұры: Қарағандыдан келген Оксана Шаталина өнер мен спорттағы өмірдің мәнін қалай табады

«Менің екі көзім бінрдей көрмей қалған кезде тас қараңғылық орнады. Мысалы үйде жарық өшіп қалса, ұялы телефон шамын қоса бастайды ғой. Ал мен жарық сәулесін сығалап та көре алмаймын. Әрине бастапқыда депресияға түстім. Пәтерде жүрудің өзі мұң еді. Қаншама рет құладым. Жарақаттандым. Өзімнен ұялған кездерім болды. Барлық ел маған қарайтын тәрізді еді. Біртіндеп үйрендім. Өзім тағдырлас жандарды кезіктіріп, бұл сынақты мен де жеңуім керек деп шештім. Бұл менің әлемім. Әрі оған мен құрметпен қараймын», — дейді рухы биік жан.

Оксана Шаталина 2 баланың анасы. Ана ретінле үйдің тірлігіне өзі жауап береді. Таяғының көмегімен тазалықты да сақтайды, тамақты да әзірлейді. Тіпті кейде кемдігін сезбейді екен.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное