Суббота, 15 марта, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиСоғыс жылдары әлі күнге дейін оның есінде: Ұлы Отан соғысының 102 жастағы...

Соғыс жылдары әлі күнге дейін оның есінде: Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагерінің тарихы

Қарағанды облысында 11 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Солардың бірі- Сұңғат Смағұлұлы. 102 жастағы ардагер әлі тың. Соғыс жылдарындағы әр сәт есінде.

Майдангер 1923 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1941 жылы 18 жасында сұрапыл соғысқа аттанған ол өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған. 1942 жылдың маусымынан бастап Сталинград маңындағы шайқастарға қатысты. 1943 жылы жараланып, ауруханада емделгеннен кейін майданға оралды. Ержүрек сарбаз кескілескен ұрыс даласында барып, қырағылық танытқан. Ардагердің сұрапыл соғыста алған жарақатының әлі күнге дейін ізі бар.

Сунгат Саттыгулов ветеран

«Үкіметтен қаулы келіп, біз бүгін міне офицер форманы киейін деп тұрғанда указ келді. Бізді сол беті толық училищені соғысқа алып кетті. 1942 жылы июль айында Сталинградтың төрінде разгрузка жасап, келдік сонда. Күндіз жүргізбейді, түнде ғана. Бізді сонда формировать етті. Мен командир болып істедім», — деп еске алады Ұлы Отан соғысының ардагері Сұңғат Сәттіғұлов.

Соғыстан кейін жеңіс солдаты Алматы облысындағы Шамалған құрылыс техникумында білім алады. Оқуды бітіргеннен кейін ауылдық құрылыста бригадир болып жұмыс істеген. Кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп нысандарының құрылысында жұмыс атқарды.

Соғыс жылдары әлі күнге дейін оның есінде: Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагерінің тарихы

Бүгінде ұлдары шетелде, өзі күтушісімен тұрады. Олар жеңіс күні мерекесін бірге қарсы алады. Соғыс жылдарындағы фотосуреттерге көз жүгіртеді.Ақсақал естен кетпес естелігін ерекше еске алады.

«Бір самолет қайдан шығатынын білмейсің, жетіп келеді. Сол самолет бір солдатты қуады.Жермен жексен болып жатасың, төбенннен өтеді. Оқ тисе қалдың,тимесе қаласың тірі. Сонымен бір сондай сәтте біздің командирге оқ тиді, жараланды», — деп көзіне жас алды Сұңғат Сәттіғұлов.

Соғыс жылдары әлі күнге дейін оның есінде: Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагерінің тарихы

Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі үшін ақсақал мемлекеттік наградалармен, оның ішінде екінші дәрежелі ҰОС орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталды. Жеңіс күні жайлы жағымды жаңалықты естігендегі сезімді былайша жеткізді.

«1945 жылы бізді түнде вагонға мнігізіп алып кетті. Таңғы тоғызда станцияға келдік. Соғыс бітті! Ай күнім — ай, жаным — ай. Міне, өмір дегенін осы жерде екен ғой. Ой халық қандай қуанды десеңші.Қыз-келіншектер әдемі көйлегін киіп алып,ондай әдемі көйлекті бұрын көргенім жоқ», — дейді майдангер.

Бүгінде ардагерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Жыл сайын волонтерлер келіп, көмек береді. Ақсақал арнайы орталықтарға барып, ем алып тұратын көрінеді. Жасы жүзге келсе де жиһаз жөндеп,қаптаумен айналысады.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное