Вторник, 28 мая, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиТибеттік технологиялар және табиғи шикізат: Қарағанды облысының тұрғыны құрттың 17 түрін дайындайды

Тибеттік технологиялар және табиғи шикізат: Қарағанды облысының тұрғыны құрттың 17 түрін дайындайды

Қарқаралы ауданында тибеттік технологиямен құрттың 17 түрі жасалуда. Осылайша ауыл тұрғыны ұлттық тағамды кәдеге жаратуда. Бұл ең алдымен адам ағзасына пайдалы. Ол құртты қаймағы алынбаған сүтті қайнатып барып жасайды. Содан да болар, дәмі ерекше. Қосымша түрлі дәмдеуіш те қосылады. Мысалы, Алтай балын қосып жасаған құрттың дәмі тіпті бөлек болады.

Сламбек Кинаят

«Бал құртқа тек бал ғана қосады. Ал тұз құртқа тек құз қосады. Тұз арқылы адамның ауыз қуысы арқылы ми жүйесінің қан тамырларына тұздың сөлі бөлінеді. Асқазан қуырылып қалғанда да тұз құрт пайдалы. Ал бал адамның қан тамырларындағы түрлі өзгерістерді қалыпқа келтіреді», — дейді Сламбек Қинаят.

Кәсіпкердің айтуынша ең пайдалысы мына ежігей құрт. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан дайындалады. Ақуызға өте бай. Жалпы, тағам құрамындағы қоспалар адамға белсенділік сыйлайды. Сламбек құрт жасауға емдік қасиеті мол өсімдіктерді пайдаланады. Қауын, қарбыз тәрізді жидектер қосылған құрттың да денсаулыққа әсері ерекше. Бұдан бөлек,сиыр сүтінен бірнеше өнім өндіріп келеді. Бүгінде Қарқаралының айран, май, ірімшіктері елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Шағын цехтағы аппараттар ұлттық тағамын экологиялық тазалығын сақтап қалады.

Виды курта

«Цехтағы құрылғылар ерекше. Қондырғылар сипоратор тәрізді сарысуын сығып іртігін қалдырмайды. Кәдімгі қазақи саба пісу мәнінде келеді. Сүттің миниралдық негізін сақтап қалып, қаймағын бетіне шығарады», — дейді маман.

Кәсіп иесі сүтті тазарту үшін сирек кездесетін тастарды іздейді. Мысалы мына бауыр тасты бетпақдаладан арнайы әкелген. Ол сүт құрамындағы бактерияларды залалсыздандырады.

Камни для очистки молока

«Бұрын ата балаларымыз күбіге су құйып, түбіне тас салып қоятын еді. Мен сол тәсілді пайдаланмын. Себебі, бұндай тас сүттің бойындағы зиянды заттарды залалсыздандырады. Яғни егер малда ауру болса, оның сүтін пайдалану осы тастың көмегімен қауіпті болмайды», — деп түсіндірді Қарқаралы ауданының тұрғыны Сламбек Қинаят.

Сламбек Қинаят сүт өнімдерімен емдейтін шипажай салуды жоспарлап отыр. Осы арқылы пайдалы іс жасауды мақсат етеді. Бұл бастама жүзеге асса шетелдік туристердің қызы¬ғу¬шылығын тудырарына бек сенімді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное