Понедельник, 24 марта, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиСотталғандарды түзету оқу арқылы: «Шекарасыз оқу» жобасы

Сотталғандарды түзету оқу арқылы: «Шекарасыз оқу» жобасы

Қарағанды облысында «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл жазасын өтеушілерді кітап оқуға баулып, өз ойын жеткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады.

Жоба шарты бойынша сотталушы ұсынылған әдебиеттер тізімінен кемінде 1-2 шығарманы оқиды. Кейін эссе жазып, кейіпкерлер туралы өз әсерін қағаз бетіне түсіреді. Осылайша жазасын өтеушілердің кітап оқуға қызығушылығы мен сауаты артады. Белсенділік танытқан сотталушылар іріктеп алынып, көтермелеу шаралары ұсынылады.

Сотталғандарды түзету оқу арқылы: «Шекарасыз оқу» жобасы

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға қатысты тиісті түзеуіне әсер ету маңызды. Жобаның мақсаты-сотталғандарды қолдау, түзету және көтермелеу шараларын қолдану арқылы құқыққа бағынушылық мінез-құлыққа бейімдеу. Жазасын өтеушілер жобаға белсене қатысты»,-дейді №32 түзету мекемесінің жасақ бастығы Полина Цемох.

Жобаға қатысушылардың бірі- Лариса. Ол №32 түзету мекемесінде жазасын өтеді. Бірнеше шығарма оқып, сайыста 1 орынды иеленген. Осылайша мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Жобаның арқасында қызықты шығармалармен танысып, өзін дамытқанын айтады.

Без границ в обучении

«Мен осы жобаның арқасында көп кітап оқыдым. Жаныма жақыны-Александр Юмоның «Үш мушкетер» шығармасы. Бұл жоба мен осында түскен кезде басталды. Эссе жазып, сұрақтарға жауап бердім. Тіпті өлең шығардым. Өзімнің шығармашылық қабілетімді көрсеттім»,-дейді сотталушы Лариса.

Сотталғандарды түзету оқу арқылы: «Шекарасыз оқу» жобасы

Сотталғандарды түзету-мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі. Пилоттық жоба 2021 жылдан бері жүзеге асырылуда. Содан бері 300 жазасын өтеуші 1000-ға жуық кітап оқыған. 240 адам ынталандыру алып, 8-і бостандыққа шықты.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное