Пятница, 27 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиОл жай ғана қарап тұрмай, көмекке ұмтылды: Нұрдәулет Жансейітов ондаған адамды өрттен...

Ол жай ғана қарап тұрмай, көмекке ұмтылды: Нұрдәулет Жансейітов ондаған адамды өрттен қалай құтқарды

Қарағандылық Нұрдәулет Жансейітов 9 адамды өрттен аман алып қалды. Бұқар Жырау даңғылында 9 қабатты үйді шарпыған қызыл жалын кезінде өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырған.

Пожар

Нұрдәулет Жансейітов өртпен арпалысқан сәтін ерекше еске алады. Қара түтінді көргенде ойланбастан оқиға орнына барғанын айтады. Тұрғындардың есігін қағып, сыртқа шығуға көмектескен. Оған әлі күнге дейін алғысын білдіріп, ерлігін елеп жатқандар көп.

Благодарность герою

«Мен жүгіріп 9 қабатқа жеткен соң, адамдармен бірге төменгі қабатқа түсе бастадым. Сосын подъезде қарттар мен мүгедектігі бар жандар бар ма деп сұрастырдым. 10 шақты пәтерде адам бар екенін білдім. Дереу сол үйлерге барып, тұрғындарды алып шықтым», — қала тұрғыны Нұрдәулет Жансейітов.

Нурдаулет

Нұрдәулет Жансейітов 14 жыл Президенттік полкте қызмет еткен. Төтенше жағдайда әрекет ету жолдары, алғашқы медициналық көмек көрсетуді сонда үйренген. Дәл осы тәжірибенің арқасында 9 адамды өлімнен арашалап қалды.

Спасатели на пожаре

«Қызмет барысында бізді сабырлы болуға үйретті. Тактикалық медицинаның барлық түрлерін меңгердік. Кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болдық. Сүңгуірлік жұмыстан бастап, десантқа дейінгі тапсырмаларды орындадық. Егер осы өмір мектебі болмағанда, қазір не істеп жүрерімді білмеймін. Бұл маған өмірде үлкен көмегін беруде», — дейді Нұрдәулет Жансейітов.

Бейбіт күннің батыры Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сыйлығымен және алғысхатымен марапатталды.

Награждение героя

Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 32 адамды құтқарды. Жеделсатының көмегімен 2 адамды алып шықты. Көміртегі тотығымен уланған 3 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Нұрдәулет Жансейітовтің әрекеті — тек батылдық емес, өмірлік қағидаға айналған ұстанымның көрінісі, — дейді тұрғындар.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное